Сансызбай – Ақдала қонысының оңтүстігіндегі тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Жамбыл ауылының оңтүстігінде 62 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 627 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-ге созылған, енді жері 4 км. Беткейлері жайпақ бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Таудың батыс етегінде қорымтас үйінділері шоғырланған. Солтүстігінде Жалғызқұдық, шығысында Бұтақ, батысында Сусызтау таулары бар.

Өсімдігі Сортаң топырақ жамылғысында жусан, кермек, көкпек, қараған, тобылғы, т.б. өсімдіктер өседі.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары