Аида Ғалымқызы Балаева (4 шілде 1974 жыл, Жамбыл ауылы, Жамбыл ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық саясаткер, 2026 жылдан бастап Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары. Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты.

Бұрын Балаева Премьер-министрдің орынбасары (2025–2026), Мәдениет және ақпарат министрі (2023–2026) Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары (2022—2023), Ақпарат және қоғамдық даму министрі (2020–2022), Президент көмекшісі (2019–2020) және басқа да лауазымдардың иесі еді.

Өмірбаяны Аида Балаева 1974 жылғы 4 шілдеде Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Жамбыл ауылында дүниеге келген.

Балаева 2000 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығына және 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде заңгер мамандығына білім алған.

Аида Балаева өз мансабын 1999 жылдан 2002 жылға дейінгі Алматы облыстық ақпарат және келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы ретіндегі жұмысынан бастаған. Бұдан кейін ол 2004 жылға дейін Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. Осы кезден бастап ол Алматы қаласындағы түрлі әкімшілік лауазымдарда жұмыс істеген.

2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжам бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

2004–2005 жылдары аралығында Аида Балаева Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы басшысының орынбасары және одан кейін 2006 жылға дейін ол Алматы қаласы ішкі саясат департамент директорының орынбасары, 2006–2008 жылдары Алматы қаласы ішкі саясат департамент директоры болған.

2008 жылдан 2010 жылға дейін ол Астана қаласы ішкі саясат департаменті директоры, кейін ішкі саясат басқармасының басшысы, 2010–2014 жылдары аралығында Астана қаласы әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің орынбасары болды.

2014 жылы Аида Балаева Қазақстан президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, бұл қызметте ол 2019 жылға дейін болды.

2019 жылғы 22 шілдеде ол Қазақстан президенті Тоқаевтың көмекшісі болып тағайындалды, сонымен бірге Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып, қос қызметті 2020 жылғы 4 мамырға дейін атқарды.

2020 жылғы 4 мамырдан 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болған.

2022 жылғы 11 қаңтарда ол Қазақстан президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды. Орынбасарлығын 2023 жылғы қыркүйекте аяқтады.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында президент Тоқаев бірнеше министрліктің өзгертілетінін айтып кетті, соның ішінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігі қосылып, Мәдениет және ақпарат министрлігіне құрылды. 2 қыркүйек күні қайта құрылған министрлікті басқаруға Аида Балаева тағайындалды. 2024 жылғы 6 ақпанда ол өз лауазымына қайта тағайындалды. 2025 жылғы 1 желтоқсанда Премьер-Министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. 2026 жылы ол Конституциялық реформа жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары болды.Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы 2026 жылғы 28 тамыздан бастап Үкіметтің отставкаға кетуіне байланысты вице-премьер және министр лауазымын уақытша атқарды.Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

2026 жылғы 31 тамызда Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.А.Ғ. Балаеваны тағайындау туралы Оған Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын құру жұмыстары тапсырылды.Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдады

Саяси ұстанымы Мәдениет және ақпарат министрі болған Балаева 2023 жылғы қыркүйекте мектеп оқушыларының хиджаб кигеніне қарсы шықты, зайырлы мемлекетте мектеп киім үлгісі сақталады және оқуын бітіріп алған азаматтар өзі дінін, діни киімін таңдасын деген.

Отбасы Әкесі — Жыланкөзов Ғалым Ешмұхамбетұлы (1952 ж. туған). Анасы — Жыланкөзова Раиса Рақымжанқызы (1952—2021), мұғалім.АНК выражает соболезнования Аиде Балаевой и ее близким

Бір сіңлісі мен інісі бар: Нұрлыбаева Айзада Ғалымқызы (1981 ж. туған), Ғалымұлы Мәди (1986 ж. туған).Акционерное Общество "Национальный Центр Государственной Научно-технической Экспертизы". Аффилированные лица

Күйеуі — Әділбек Оралұлы Жүсіпов. Үш баласы бар: ұлдары Дінмұхаммед (1994 ж. туған), Асқар (1996 ж. туған) және қызы Әсел (2004 ж. туған).БАЛАЕВА Аида Галымовна

Марапаттары Парасат ордені (2016); Құрмет ордені (2016); Астанаға 10 жыл медалі (2008).

Дереккөздер

Санат:Әлеуметтану ғылымдарының кандидаттары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Қазақстан ақпарат министрлері Санат:Қазақстан мәдениет министрлері Санат:Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарлары