Құсмұрын – Қашырлы тауларының солтүстігіндегі аласа тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек ауылының солтүстік-батысында 17 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 429 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 4,5 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Солтүстік-батыс беткейі тіктеу, қалған бөліктері еңістеніп жазыққа ұласады. Солтүстігінде Бұрматал, оңтүстігінде Төребай, шығысында Мәмбет, батысында өзімен аттас қыстаулар бар.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, қоңырбас, итмұрын, тобылғы, қараған, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары