Арыс – Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бетпақдала шөлінің батысындағы тұзды көл. Теңіз деңгейінен 59 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы, құрамы Аумағы 124,5 км2. Ұзындығы 21,2 км, ені 9,5 км. Су жиналатын алабы 15900 км2. Көл табанының қалыңдығы 15 см-ден 50 см-ге дейін тұз басып жатыр. Суының минералдылығы 325 г/л, хлорид класына, натрий тобына жатады. Су құрамында йод, фтор, бром, бор, мырыш, марганец және темір қосындылары кездеседі. Көл негізінен көктемгі жауын-шашынмен толысып, жаз айларында құрғап қалады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Сырдария ауданы (Қызылорда облысы) көлдері