Төлеубек Пентаев (12.7. 1946 жылында туған, Созақ ауданы Құмкент ауылы ) – кен инженері-маркшейдер, техника ғылымының докторы (2003), профессор (2004) Экология академиясының корреспондент мүшесі (1997), Халықараралық Ақпараттандыру академиясының академигі (2004). 1970 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Еңбек жолын Ғылым академиясының кен институтында ғылым қызметкер болып бастаған. 1983 – 1989 жылдары осы институтта (қазіргі Д.А. Қонаев атындағы Кен институты) аға ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарды. 1990 жылдары Алматы архитектор-құрылыс институтына (Қазақ сәулет-құрылыс академиясына) оқытушылық қызметке шақырылды. Қазір «Инженерлік геодезия және геология» кафедрасының меңгерушісі. Ғылыми еңбектер Ғылым педогогикалық еңбектері 80-ге жуық, оның ішінде 10 өнертапқыштық куәлігі, монография және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Геодезия» оқулығы бар. Қазақ тіліндегі геодезия түсініктеме сөздігі авторларының бірі."Қазақ энциклопедиясы"
Дереккөздер</span>