Қаратас – Балқаш көлінің батысындағы төбе.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің солтүстігінде 10 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 405 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2,5 км созылған, енді жері 1,5 км. Беткейі жатық келген.

Геологиялық құрылымы Девон кезеңінің жыныстарынан түзілген таудың жер беткейін денудациялық шөгінділер жапқан.

Өсімдігі Тақыр бозғылт қоңыр топырағында сұр жусан, баялыш, күйреуік, т.б. өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары