Қостөбе – Ақжар өзенінің оң жағалауындағы аласа тау.
Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау және Целиноград аудандары аралығында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 408 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі жайпақ, қос бөліктен тұрады. Солтүстігінде Қамыстыкөл көлі жатыр.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында сұлыбас, қылқан селеу, түрлі бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы таулары Санат:Целиноград ауданы таулары