Саумалкөл – Көң, Құланөтпес өзендері алабындағы ағынсыз көл.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 349,4 м биіктікте. Аумағы 10,7 км2, ұзындығы 4,2 км, енді жері 3,2 км, жағалау бойының ұзындығы 14,4 км, жағасы жарлауытты. Көбіне қар суымен толысады, жаз ыстық болған жылдары көл құрғап қалады. Суы тұзды, көл атырабы жайылымға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы көлдері