Акрибия ( — «дәлдік, қатаңдық») — Православие шіркеуінде шіркеу заңының әр әрпін қатаң сақтау дегенді білдіреді. Акрибия заңның рухын сақтау үшін оның мазмұнынан ерікті түрде ауытқуға мүмкіндік беретін «икономиядан» өзгеше болып келеді.
Канондық құқық Шығыс православие шіркеуінің канондық құқығында екі ұғым бар: акрибия және икономия. Қатаңдық ретінде көрінетін акрибия — «тәубеге келмеген және бұл қылығын әдетке айналдырған күнәкарға берілетін жазаның қатаң қолданылуы (тіпті кейде күшейтілуі)». Ал мейірімділік ретінде сипатталатын икономия — «күнәкар өкініш пен тәубе білдірген жағдайда, жазаның орынды түрде жеңілдетілуі».
Филологияда Филологияда акрибия мәтінді шығарған кездегі шексіз дәлдікті білдіреді: бұл — сілтемелер мен анықтамалықтардың мінсіз болуы, теру кезінде қателердің кетпеуі, сондай-ақ қолда бар барлық дереккөздер мен түсініктемелерді жеттік біліп, мәтіндегі әрбір айырмашылықты дұрыс көрсету.
Тағы қараңыз Икономия Антиномианизм
Дереккөздер
Санат:Филология Санат:Православие шіркеуінің канондық құқығы