Мыңадыр, Мәңгіадыр – Сарысу өзенінің оң жағалаулық аңғарында, Қослықты тау сілемінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі адырлы таулар.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Атасу темір жол айрығынан солтүстікке қарай 15 км жерде орналасқан.
Жер бедері Теңіз деңгейінен шамамен 485 м биіктікте. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай Қослықты тауларын бойлай 12 км-ге созылып жатыр, енсіз таудың солт-батысы Қослықты тауына ұласады. Шығысында Тұмалыбұлақ бұлағы, Көзенбұлақ құдығы жатыр. Оңтүстік-шығысында тау Қараөзен қонысына ұласады.
Өсімдігі Беткейлері нашар тілімденген адырларда бетеге, боз, ебелек, т.б. қуаң далаға тән шөптесіндер өседі. Алабы мал жайылымына қолайлы.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы таулары