400px|thumb|Қазақстанның 1996 жылғы әкімшілік бөлінісі 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бері Қазақстанның таратылған, жаңадан құрылған, атауы өзгерген аудандары мен аудан орталықтарының тізімі

Ақмола облысы Сілеті ауданы — Сілеті ауылы (1973-1997) 1997 жылы 5 ауылдық округі Алексеев ауданына, 4 ауылдық округі Ерментау ауданына, 2 кенті Степногорск қаласының қарамағына берілді.Ақмола облысының Сiлетi ауданын тарату туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе ауданы — Қарғалы ауылы (1928-1933, 1970-1997) 1997 жылы 1 ауылдық округі Алға ауданына, 1 ауылдық округі Ленин ауданына, 2 ауылдық округі Мәртөк ауданына және 4 ауылдық округі Ақтөбе қаласының қарамағына берілді.Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Қостанай облыстарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы Әйтеке би ауданы — Қарабұтақ ауылы (1928-1930, 1935-1997) 1997 жылы 5 ауылдық округі Бөгеткөл ауданына, 2 ауылдық округі Хромтау ауданына беріліп, Бөгеткөл ауданы Әйтеке би ауданы болып өзгертілді. Исатай ауданы — Ақырап ауылы (1977-1988, 1990-1997) 1997 жылы Қобда ауданына қосылды.Ақтөбе облысының Исатай ауданын тарату туралы Мұғалжар ауданы — Ембі қаласы (1966-1997) 1997 жылы Октябрь ауданына қосылып, Октябрь ауданы Мұғалжар ауданы болып өзгертілді.

Алматы облысы Күрті ауданы — Ақши ауылы (1972-1997) 1997 жылы 1 кенті мен 4 ауылдық округі Жамбыл ауданына, 5 ауылдық округі Балқаш ауданына, 1 ауылдық округі Іле ауданына берілді. Шелек ауданы — Шелек ауылы (1928-1997) 1997 жылы Еңбекшіқазақ ауданына қосылды.

Атырау облысы Балықшы ауданы — Балықшы кенті (1930-1933, 1957-1963, 1964-1988, 1990-1997) 1997 жылы аумағы Атырау қаласының қарамағына берілді.Атырау облысының Балықшы ауданын тарату туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы — Ақжайық ауылы (1977-1988, 1992-1997) 1997 жылы Теректі ауданына қосылды.Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Тайпақ аудандарын тарату, Чапаев ауданын қайта атау туралы Жалпақтал ауданы — Жалпақтал ауылы (1928-1930, 1935-1997) 1997 жылы Казталов ауданына қосылды. Приурал ауданы — Дарьинское ауылы (1935-1997) 1997 жылы Зелёнов ауданына қосылды. Тайпақ ауданы — Тайпақ ауылы (1928-1963, 1964-1997) 1997 жылы Чапаев ауданына қосылып, Чапаев ауданы Ақжайық ауданы болып өзгертілді.

Жезқазған облысы Ақадыр ауданы — Ақадыр кенті (1973-1997) 1997 жылы Шет ауданына қосылды. Жезді ауданы — Жезді кенті (1963-1997) 1997 жылы Ұлытау ауданына қосылды. Тоқырауын ауданы — Шашубай кенті (1977-1997) 1997 жылы Ақтоғай ауданына қосылды.

Көкшетау облысы Арықбалық ауданы — Арықбалық ауылы (1928-1963, 1967-1997) 1997 жылы Айыртау ауданына қосылды.Көкшетау облысының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы Келлер ауданы — Келлеровка ауылы (1936-1963, 1969-1997) Чкалов ауданы — Чкалово ауылы (1939-1963, 1964-1997) 1997 жылы екеуі де Красноармейск ауданына қосылды. Көкшетау ауданы — Красный Яр ауылы (1928-1997) 1997 жылы Красный Яр ауылы Көкшетау қаласының қарамағына беріліп, қалған бөлігі Зеренді ауданына қосылды. Ленинград ауданы — Ленинградское ауылы (1955-1997) 1997 жылы Ленин ауданына қосылды. Рузаев ауданы — Рузаевка ауылы (1928-1997) Чистопол ауданы — Чистополье ауылы (1955-1997) 1997 жылы екеуі де Куйбышев ауданына қосылды. Уәлиханов ауданы — Уәлиханов ауылы (1970-1997) 1997 жылы 2 ауылдық округі Қызылту ауданына, 2 ауылдық округі Еңбекшілдер ауданына беріліп, Қызылту ауданы Уәлиханов ауданы болып өзгертілді.

Қарағанды облысы Қазыбек би ауданы — Егіндібұлақ ауылы (1928-1963, 1964-1997) 1997 жылы Қарқаралы ауданына қосылды. Молодёжный ауданы — Молодёжный кенті (1972-1997) 1997 жылы Осакаров ауданына қосылды. Тельман ауданы — Токаревка кенті (1928-1997) 1997 жылы Ульянов ауданына қосылды. Теңіз ауданы — Баршын ауылы (1977-1988, 1990-1997) 1997 жылы Нұра ауданына қосылды.

Қызылорда облысы Сырдария ауданы — Тасбөгет кенті (1928-1997) 1997 жылы 4 ауылдық округі Тереңөзек ауданына, 2 ауылдық округі Шиелі ауданына және 2 кенті мен 4 ауылдық округі Қызылорда қаласының қарамағына беріліп, Тереңөзек ауданы Сырдария ауданы болып қайта аталды.Қызылорда облысының Тереңөзек ауданын қайта атау туралы

Павлодар облысы Ақсу ауданы — Ақсу қаласы (1938-1997) 1997 жылы аумағы Ақсу қаласының қарамағына берілді.Павлодар облысының Ақсу және Екiбастұз аудандарын тарату туралы Екібастұз ауданы — Екібастұз қаласы (1972-1997) 1997 жылы аумағы Екібастұз қаласының қарамағына берілді.

Семей облысы Абыралы ауданы — Қайнар ауылы (1928-1955, 1990-1997) 1997 жылы аумағы Семей қаласының қарамағына берілді. Жаңа Шүлбі ауданы — Жаңа Шүлбі ауылы (1935-1963, 1970-1997) 1997 жылы Бородулиха ауданына қосылды.Семей облысының Новошульба ауданын тарату туралы Таскескен ауданы — Таскескен ауылы (1980-1996) 1996 жылы 2 ауылдық округі мен 1 кенті Аягөз ауданына, 5 ауылдық округі Үржар ауданына берілді.Семей облысының Таскескен ауданын тарату туралы Шар ауданы — Шар қаласы (1939-1963, 1972-1997) 1997 жылы Жарма ауданына қосылды. Шұбартау ауданы — Баршатас ауылы (1928-1963, 1964-1997) 1997 жылы Аягөз ауданына қосылды.

Солтүстік Қазақстан облысы Возвышенка ауданы — Возвышенка ауылы (1967-1997) 1997 жылы Булаев ауданына қосылды. Мәскеу ауданы — Корнеевка ауылы (1972-1997) 1997 жылы Ленин ауданына қосылды.Солтүстiк Қазақстан облысының Москва және Соколов аудандарын тарату, Бескөл және Ленин аудандарын қайта атау туралы Преснов ауданы — Пресновка ауылы (1928-1997) 1997 жылы Жамбыл ауданына қосылды. Соколов ауданы — Соколовка ауылы (1936-1963, 1964-1997) 1997 жылы Бескөл ауданына қосылды.

Талдықорған облысы Бөрілітөбе ауданы — Лепсі кенті (1933-1960, 1972-1997) 1997 жылы 3 ауылдық округі мен 1 кенті Сарқан ауданына, 1 ауылдық округі мен 1 кенті Ақсу ауданына, 1 ауылдық округі Қапал ауданына, 1 ауылдық округі Қаратал ауданына берілді.Талдықорған облысының Бөрлiтөбе ауданын тарату туралы Гвардия ауданы — Қоғалы ауылы (1933-1997) 1997 жылы Кербұлақ ауданына қосылды. Қапал ауданы — Қапал ауылы (1939-1963, 1970-1997) 1997 жылы 6 ауылдық округі мен 1 кенті Ақсу ауданына, 2 ауылдық округі Талдықорған ауданына берілді. Үйгентас ауданы — Қабанбай ауылы (1928-1930, 1935-1963, 1964-1997) 1997 жылы Алакөл ауданына қосылды.

Торғай облысы Амантоғай ауданы — Жалдама ауылы (1977-1988, 1990-1997) 1997 жылы Амангелді ауданына қосылды. Арқалық ауданы — Родина ауылы (1963-1997) 1997 жылы аумағы Арқалық қаласының қарамағына берілді. Жаңадала ауданы — Тасты-Талды ауылы (1966-1997) 1997 жылы Державин ауданына қосылды.Ақмола облысының Жаңадала және Қима аудандарын тарату туралы Қима ауданы — Жаңақима ауылы (1970-1997) 1997 жылы Жақсы ауданына қосылды. Октябрь ауданы — Октябрьское ауылы (1955-1997) 1997 жылы Қарасу ауданына қосылды.

Түркістан (Оңтүстік Қазақстан) облысы Арыс ауданы — Арыс қаласы (1928-1963, 1988-200?) 2000 жылдары аумағы Арыс қаласының қарамағына берілді. Асықата ауданы — Асықата кенті (1940-1997) 1997 жылы Мақтаарал ауданына қосылды.Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының кейбiр мәселелерi туралы Түркістан ауданы — Түркістан қаласы (1928-1997) 1997 жылы аумағы Түркістан қаласының қарамағына берілді. 2021 жылы бұрынғы аудан аумағында жаңадан Сауран ауданы құрылды.

Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы — Таврическое ауылы (1939-1997) 1997 жылы Ұлан ауданына қосылды.

Қала аудандары Алматы Алатау, Мәскеу аудандары (1980-1997 жж.)Алматы қаласының Алатау мен Мәскеу аудандарын тарату туралы

Қарағанды Железнодорожный ауданы (1945-1988, 1990-1997)Қарағанды қаласының Железнодорожный ауданын тарату туралы Киров, Ленин аудандары (1938-1997 жж.)

Өскемен Октябрь, Үлбі аудандары (1973-1998 жж.)

Павлодар Ильич, Индустриальный аудандары (1973-1999 жж.)Об упразднении Ильичевского и Индустриального районов города Павлодара

Семей Әуезов, Ленин аудандары (1990-1994 жж.)

Тараз (Жамбыл) Заводской, Центральный аудандары (1974-1996 жж.)Жамбыл облысы Жамбыл қаласының Центральный және Завод аудандарын тарату туралы

Жаңадан құрылған аудандар Облыс аудандары Түпқараған ауданы — Форт-Шевченко қаласы 1992 жылы Форт-Шевченко қаласына қарасты аумақтан құрылды. Мұнайлы ауданы — Маңғыстау ауылы (1980-1988, 2007-) 2007 жылы Ақтау қаласына қарасты аумақ пен Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған аудандарының бір бөлігінен құрылды. Жетісай ауданы — Жетісай қаласы (1964-1997, 2018-) 1997 жылы Мақтаарал ауданына қосылды. 2018 жылы қайта бөлініп шықты.Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Кеген ауданы — Кеген ауылы (1930-1997, 2018-) 1997 жылы Райымбек ауданына қосылды.Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы 2018 жылы қайта бөлініп шықты.Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Келес ауданы — Абай ауылы (1928-1963, 1969-1988, 1989-1997, 2018-) 1997 жылы Сарыағаш ауданына қосылды. 2018 жылы қайта бөлініп шықты. Сауран ауданы — Шорнақ ауылы 2021 жылы Кентау қаласына қарасты аумақтан құрылды. Ақсуат ауданы — Ақсуат ауылы (1935-1963, 1964-1997, 2022-) 1997 жылы Тарбағатай ауданына қосылды. 2022 жылы қайта бөлініп шықты.Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы Самар ауданы — Самар ауылы (1928-1930, 1935-1997, 2022-) 1997 жылы Көкпекті ауданына қосылды. 2022 жылы қайта бөлініп шықты. Жаңасемей ауданы — Семей қаласы (1928-1930, 1938-1957, 1966-1996, 2024-) 1996 жылы 2 кенті мен 10 ауылдық округі Семей қаласының қарамағына, 3 ауылдық округі Бородулиха ауданына, 1 ауылдық округі Бесқарағай ауданына берілді.Семей облысының Жаңасемей ауданын, Шымкент қаласындағы аудандарды тарату және Оңтүстiк Қазақстан облысының Леңгiр қаласын аудандық маңызы бар қалалардың санатына жатқызу туралы 2024 жылы Семей қаласына қарасты аумақтан қайта құрылды.Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы Мақаншы ауданы — Мақаншы ауылы (1928-1930, 1935-1963, 1969-1997, 2024-) 1997 жылы Үржар ауданына қосылды. 2024 жылы қайта бөлініп шықты. Марқакөл ауданы — Марқакөл ауылы (1928-1930, 1939-1963, 1964-1997, 2024-) 1997 жылы Күршім ауданына қосылды. 2024 жылы қайта бөлініп шықты. Үлкен Нарын ауданы — Үлкен Нарын ауылы (1935-1997, 2024-) 1997 жылы Катонқарағай ауданына қосылды. 2024 жылы қайта бөлініп шықты.

Қала аудандары Алматы, Сарыарқа аудандары (Астана) 1998 жылы құрылды. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандары (1973-1996, 2005-, Шымкент) 1996 жылы таратылды. 2005 жылы қайта құрылды. Алатау ауданы (Алматы) 2008 жылы құрылды. Есіл ауданы (Астана) 2008 жылы құрылды. Наурызбай ауданы (Алматы) 2014 жылы құрылды. Қаратау ауданы (Шымкент) 2014 жылы құрылды. Байқоңыр ауданы (Астана) 2018 жылы құрылды. Алматы, Астана аудандары (Ақтөбе) 2018 жылы құрылды. Тұран ауданы (Шымкент) 2022 жылы құрылды. Нұра ауданы (Астана) 2022 жылы құрылды. Сарайшық ауданы (Астана) 2024 жылы құрылды. Әулиеата, Жібек жолы аудандары (Тараз) 2024 жылы құрылды.

Қайта аталған аудандар Облыс аудандары Қызылқұм ауданы — Отырар ауданы (1991 жыл) Леңгір ауданы — Төле би ауданы (1991 жыл) Обаған ауданы — Алтынсарин ауданы (1991 жыл) Жымпиты ауданы — Сырым ауданы (1992 жыл)О переименовании Джамбейтинского района Западно-Казахстанской области в Сырымский район Боровской ауданы — Меңдіқара ауданы (1993 жыл) Бөген ауданы — Ордабасы ауданы (1993 жыл) Володар ауданы — Айыртау ауданы (1993 жыл) Ембі ауданы — Жылыой ауданы (1993 жыл)Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан Ералиев ауданы — Қарақия ауданы (1993 жыл) Каменка ауданы — Тасқала ауданы (1993 жыл) Киров ауданы (Жетісу облысы) — Көксу ауданы (1993 жыл) Комсомол ауданы (Ақтөбе облысы) — Бөгеткөл ауданы (1993 жыл) — Әйтеке би ауданы (1997 жыл) Краснокутск ауданы — Ақтоғай ауданы (1993 жыл) Ленин ауданы (Түркістан облысы) — Қазығұрт ауданы (1993 жыл) Нарынқол ауданы — Райымбек ауданы (1993 жыл)