Көкдомбақ – Жетіқоңыр және Мойынқұм құмды алқаптары аралығындағы қырат.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Сарысу өзенінің аңғарында орналасқан.

Жер бедері Ең биік жері 331 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 20 км-ге созылып жатыр, енді жері 10 км. Беткейі жайпақ келген.

Геологиялық құрылымы Палеоген және бор кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында жусан, жүзгін, еркек шөп, теріскен, ебелек өседі.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары