Чок-Майдан (молд. Cioc-Maidan, ) — Молдовадағы ауыл, Ғағауыз автономиясындағы аумақтық бірлік, Комрат округінің құрамында.Чок-Майдан http://travellers.ru/city-chok-majjdan Значение слова чок-майдан https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D1%87%D0%BE%D0%BA-%D0%BC%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B0%D0%BD Значение слова чок-майдан. Что такое чок-майдан? https://makeword.ru/dictionary/%D1%87%D0%BE%D0%BA-%D0%BC%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B0%D0%BD

Сипаттама Ауыл Комрат муниципалитетінен 18 км және Кишинёвтен 120 км қашықтықта орналасқан. Бұл аймақта егіншілікке қолайсыз, бірақ мал шаруашылығына қолайлы сазды топырақ болды. Кейбір ауыл тұрғындарының 1300-ге дейін қойы болған.с.Чок-Майдан https://www.gagauzia.md/ru/ato-gagauziya/naselennyie-punktyi/komratskij-rajon/s.-chok-majdan.html Географиялық өлшемдері: Ені (шығыс-батыс): 1,8 км Ұзындығы (солтүстік-оңтүстік): 4,2 км Қиғаш бағытта (диагональ) 4,5 кмЧок-Майдан на карте https://webkarta.net/city/map/6776

Халқы 2004 жылғы халық санағы бойынша Чок-Майдан ауылында 3926 адам тұрған: 49,49% ер адамдар, 50,51% әйелдер. Халықтың этникалық құрамы: 93,15% -ғағауыздар, 3,80% - молдовандар, 1,14% - орыстар, 0,84% - украиндар, 0,41% - сығандар, 0,35% - бұлғарлар, 0,30% - басқа ұлттар.Чок-Майдан, Гагаузия, АТО https://moldovenii.md/ru/city/details/id/1659

Тарихы Чок-Майдан ауылын 1811 жылы Болгарияның Варница облысы Кисево ауылынан қоныс аударған ғағауыздар құрған. Ауылдың тағы бір атауы сақталған - Қарлық (ғағауыз тілінен -қар көп), ал чок-майдан үлкен кеңістік деп аударылады.

Вознесенский шіркеуін 1845-1861 жылдары жергілікті тұрғындар салған. Кесілген ағаш иконостаз 1861 жылы Кишинёвтен жеткізілді. 1874 жылы шіркеудің тас қоршауы салынды. Шіркеуде сирек кездесетін шіркеу литургиялық басылымдары бар кітапхана болды. Шіркеудің солтүстік жағындағы ауласында шіркеу қауымдастығының ортақ келісімі бойынша сол кездегі шіркеуге көп ақша - 500 ресей рублін сыйға тартқан шіркеуіндегі діни қауымның мүшесі Джордан Штирой жерленген.Исторический очерк прихода селения Чок-Майдан Комратского района http://klise.ru/index.php/2011-04-02-16-16-28/571-2012-02-21-15-49-30

Әлеуметтік құрылымы 2004 жылы ауылда 1234 жеке шаруашылық тіркелді, бір шаруашылықтың орташа құрамы 3,2 адамды құрады.

Дереккөздер

Санат:Молдова елді мекендері Санат:Ғағауызстан елді мекендері