Отпан — Батыс Қаратау жотасының ең биік нүктесі.

Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде, Ақтау – Таушық – Шетпе тас жолы бойындағы Жыңғылды ауылы менен Тұщыбек шипажайының орта жерінде, жолдан 5-6 км сол жақ қапталында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 532 м. Тауда Адай Ата кесенесі орналасқан. Тау биік төбелер мен жоталы аңғарлардан тұрады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Тағы қараңыз Адай Ата кешеніндегі Амал мерекесі

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау ауданы таулары