Сандықты шөлі () — Өзбекстанның Бұхара және Қашқадария облыстарында және Түрікменстанның Лебап уәлаятында орналасқан құмды дала. Қызылқұмның жалғасы болып келедіСандиқли чўли — Өзбекстан ұлттық энциклопедиясы — Ташкент, 2000—2005..

Орналасуы Солтүстігінде Қаракөл шұратымен, солтүстік-шығысында — Қаршы даласымен және Қашқадария шұратымен қосылып, батысында Әмудария өзеніне аласартады. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 50-70 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 70-90 км. Құмдары Теңізкөл мен Сұлтандақ көлдерін қосатын Жидекөл көлі, сондай-ақ Әму-Бұхара арнасын кесіп өтеді.

Жер бедері Теңiз деңгейiнен биіктігі 200-300 м тең. Жер бедері пішіндері алуан түрлі, олардың ішінде эолды жерлер басым: төбешік құмдар, құмды жазықтар, соның ішінде ұзындығы, ені және биіктігі әртүрлі барқандар. Ойпаң бөліктері сортаң және тақыр жерлер алып жатқан тостаған тәрізді ойпаттарды құрайды. Құмды алаптар, үстірт тәрізді қыраттар, құрғақ аңғарлар бар. Әмудария аймағында жылжымалы барқандар кездеседі. Жер бедері төрттік кезеңнің шөгінділерінен (құмдар, саздар, малтатастар), қыратты жерлер – бор, палеоген және неоген жыныстарының шөгінділерінен құралған.

Климаты Климаты күрт құбылмалы, қаңтардың орташа температурасы -1,4 °С, шілдеде - 28-31 °C. Жылына 120–160 мм жауын-шашын түседі.

Өсімдік және жануар әлемі Өсімдіктер әлемі жүзгін, алабұта, жусан, эфемера, ағашты өсімдіктерден сексеуіл, қоянсүйек жатады.

Сандықтының даласында кесірткелер мен жыландар мекендейді. Сүтқоректілерден кеміргіштер – құмтышқандар, қосаяқтар, сарышұнақтар; жыртқыштардан – қасқыр, түлкі; тұяқтылар қарақұйрықпен ұсынылған.

Шаруашылыққа пайдалану Көктем мен жазда далалық жерлер жайылым ретінде пайдаланылады.

Сандықтыда мұнай, табиғи газ және емдік балшық қоры бар.

Дереккөздер

Санат:Өзбекстан шөлдері Санат:Түрікменстан шөлдері