Ибадулла Айғалиұлы Тәутенов (1 қаңтар 1956 жылы туған, Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылы, Қызылорда облысы ) – қазақстандық ғалым-агроном, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (2005)Қазақ энциклопедиясы, қауымдастырылған профессор (2023).

Өмірбаяны 1978 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті) бітірген.

Еңбек жолы 1978 — «Қазақ КСР-нің 50 жылдығы» кеңшарында бас агроном; 1978–1992 — Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер; 1992–2008 — Ы. Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институтында (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті) аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, бас әдіскер, орталық бастығы; 2008–2014 — «Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары; 2014–2018 — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры; 2019 жылдан бастап — аталмыш университеттің қауымдастырылған профессоры.

Ғылыми қызметі Ғылыми еңбектері Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы шалғынды, батпақты топырақтарда күріш егістігіне берілетін азот тыңайтқыштарының түрлеріне, оларды енгізу әдістерінің тиімділігіне, сондай-ақ күріштің минералдық қоректенуі мен өнімділігін арттыру мәселелеріне арналған.

170-тен астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің авторы, оның ішінде 2 монография, 2 оқу құралы, 25-тен астам ұсыным бар. Өнертапқыштыққа 15-тен астам патент пен авторлық куәлік алған. Ауыл шаруашылығы дақылдарының 5 сортын шығаруға және жаңа технологияларды әзірлеуге үлес қосқан. Ғылыми жетекшілігімен 4 PhD докторы дайындалды.

Марапаттары Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2007) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасы (2012) «КазАгроинновация» АҚ Құрмет грамотасы (2012, 2014) Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты (2012, 2017, 2018, 2021) ҚР ЖОО Қауымдастығының «Үздік ғылыми қызметкер» атағы (2019) «Құрмет» ордені (2022) ҚР Парламенті Сенатының Алғыс хаты (2022) «ҚР Ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2022) Университеттің «Үздік оқытушысы» төсбелгісі (2022) Сырдария ауданының құрметті азаматы (2024) Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетанің Құрметті профессоры (2025)Сыр елі.Энциклопедия.–Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024.– 610-б.

Дереккөздер

Санат:Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) туғандар Санат:Қазақстан агрономдары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары