Вулканешты (молд. Vulcănești, Вулкэнешть, ) — Молдовадағы Ғағауыз автономиялық аумақтық бірлігі құрамындағы қала.г. Вулканешты https://www.gagauzia.md/ru/ato-gagauziya/naselennyie-punktyi/vulkaneshtskij-rajon/g.-vulkaneshtyi.htmlОткройте Молдову: Вулкэнешть – древнее и легендарное поселение https://noi.md/ru/obshhestvo/otkrojte-moldovu-vulkjeneshti-drevnee-i-legendarnoe-poselenieОфициальный сайт города Вулканешты https://www.vulcanestimd.com/vulkaneshtyЗначение слова вулканешты https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D0%B2%D1%83%D0%BB%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D0%B5%D1%88%D1%82%D1%8B
Сипаттама Вулканешты - Вулканешты ауданының әкімшілік орталығы, Кагул өзенінің бойында. Кишинёвтан 180 км, Украина шекарасынан 7 км, Румыния шекарасынан 35 км қашықтықта орналасқан.Вулканешты https://chrontime.com/city-md-vulcanesti
Халқы 2004 жылғы халық санағы бойынша Вулканешты қаласының халқы 15462 адамды құрайды: 47,69% ерлер, 52,31% әйелдер. Ұлттық құрамы: 70,25% - ғағауыздар, 11,31% - молдовандар, 7,67% - орыстар, 5,46% - украиндар, 4,13% - бұлғарлар, 0,08% - сығандар, 0,01% - еврейлер, 1,06% - басқа ұлт өкілдері.Вулкэнешть, Гагаузия, АТО https://moldovenii.md/ru/city/details/id/130
Тарихы Вулканешты қаласының қашан құрылғанын нақты айту қиын.Пять исторических фактов о городе Вулканешты https://laf.md/2021/10/14/pjat-istoricheskih-faktov-o-gorode-vulkaneshty/ Қалаға Кагул жағынан кіре берістегі стелада 1712 жылы деп көрсетілген.«Бессарабияның өзі немесе Буджака деп аталатын статистикалық сипаттамасы» (Акерман, 1899) кітабында 1703 жылы «Вулканешты колониясының» болғаны туралы ақпарат берілген. Бірақ Вулканешты ауылы туралы алғашқы ескерту 1605 жылдан басталады. Владимир Никудің «Молдавияның қоныстары құжаттарда және көне (ескі) кітаптарда» библиографиялық нұсқаулығында Вулканешты ауылы 1605 жылы 12 сәуірде аттестациядан өткені айтылады, бірақ бұл елді мекеннің нақты қай жерде орналасқаны туралы нақты мәлімет жоқ.
Ғағауыз ағартушысы Михаил Чакир «Вулканешты» сөзі татар тілінен шыққан және «көп қан» дегенді білдіреді деп есептеген. Өйткені 250 жыл бұрын 1768-1774 жылдардағы орыс-түрік соғысының Кагул шайқасы деп аталатын басты шайқастарының бірі қазіргі Вулканешты қаласының маңындағы Кагул өзенінің бойында өтті.
Ақын Александр Пушкиннің де табаны Вулканешты жерін басып өткен. 1823 жылы оңтүстікке жер аударылған кезде Гречен жолының бойымен Кагул ұрыс даласынан өткені туралы, онымен бірге болған мемлекеттік шенеунік Липрандидің жазбаша дәректері бар.
1940 жылы қарашада Вулканешты аудан орталығы болды.ВУЛКАНЕШТЫ https://gazetapanorama.wordpress.com/2011/10/13/%D0%B2%D1%83%D0%BB%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D0%B5%D1%88%D1%82%D1%8B/ 1965 жылы Вулканешты ауылы қала типтес елді мекен, 1995 жылы қала мәртебесін алды.Вулканешты – город неразгаданных тайн https://vestigagauzii.md/index.php/novosti/obshchestvo/2179-vulkaneshty-gorod-nerazgadannykh-tajn 1993 жылдың 23 желтоқсанынан бастап Вулканешты Ғағауыз автономиялық аумақтық бірлігі құрамына кіреді.Вулканешты http://moldova-inform.ru/?p=60
Экономикасы Вулканешті Кишинёв, Румыния, Украинамен байланыстыратын Вулканешты теміржол торабы бар.Вулканешты http://travellers.ru/city-vulkaneshty Қала аумағы арқылы Кишинёв-Джурджулести-Галати халықаралық тас жолы өтеді.
Резидент-фирмалардың негізгі қызметі: шарап өндіру, тігу, сұрыптау, орау, таңбалау және тауарлармен басқа да операциялар, көтерме сауда. Қаланың аграрлық секторын жүзім шаруашылығы, бау-бақша және мал шаруашылығы кәсіпорындары құрайды. Жетекші кәсіпорындарға «Agro-Gigant» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіООО "Гигант-Агро" https://reabiz.ru/company/60717 мен «Nezetli-Iuzium»Незетли юзюм ООО https://newotzyv.ru/nezetli-yuzyum-ooo жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жатады.
Әлеуметтік салалар Білім беру жүйесіне 6 мектепке дейінгі мекеме,Дошкольные Учреждения И Детские Сады в Вулканешты https://xn----8sbnadqrtzjid0d5cj.cybo.com/MD/%D0%B2%D1%83%D0%BB%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D0%B5%D1%88%D1%82%D1%8B/%D0%B4%D0%BE%D1%88%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B5-%D1%83%D1%87%D1%80%D0%B5%D0%B6%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F-%D0%B8-%D0%B4%D0%B5%D1%82%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B5-%D1%81%D0%B0%D0%B4%D1%8B/ 2 жалпы білім беретін мектеп,Средняя школа в городе Вулканешты http://vulcanesti.wikimapia.org/tag/44794/ гимназия,Гимназия им. С. Руденко г.Вулканешты https://guogagauzii.md/gimnaziya-im-s-rudenko-g-vulkaneshty 2 теориялық лицей кіреді.Теоретический лицей им. А. Должненко г. Вулканешты https://guogagauzii.md/teoreticheskij-litsej-im-a-dolzhnenko-g-vulkaneshtyЛицей №1 https://proshkolu.ru/org/vulkaneshty1/
Қалада музыкаДетская музыкальная школа г. Вулканешты https://guogagauzii.md/detskaya-muzykalnaya-shkola-g-vulkaneshty және өнер мектебі, Художественная школа города Вулканешты http://vulcanesti.md/component/k2/item/2950-khudozhestvennaya-shkola-goroda-vulkaneshty-ob-yavlyaet-nabor-uchashchikhsya балалар шығармашылық үйі,Вулканештский Дом детского творчества https://guogagauzii.md/vulkaneshtskij-dom-detskogo-tvorchestva кітапхана,Публичная библиотека района Вулканешть https://www.prospect.md/ru/business/biblioteki/publichnaya-biblioteka-rayona-vulkaneshti.html мұражайИСТОРИЧЕСКИЙ МУЗЕЙ, ВУЛКАНЕШТЫ https://discovergagauzia.md/ru/attractions/istoricheskij-muzej-vulkaneshty/ бар. Вулканешты тұрғындарына медициналық қызметтерді аудандық аурухана мен отбасылық дәрігерлер орталығы көрсетеді.
Дереккөздер
Санат:Молдова елді мекендері