Сайрагүл Ербосынқызы Нұрсұлтанова (24 мамыр 1952, Алматы, Қазақ КСР) – балерина, Қазақстанның халық әртісі (1990).

Өмірбаяны 1968 жылы Алматы хореография училищесін (профессор Б.Ғ. Аюханов және Р.М. Көрпешованың жетекшілігімен) бітірді.

1968 – 93 жылы “Алматының жас балеті” (қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық классикалық би ансамблі) ансамблі құрамында қызмет етіп, Қыз Жібек(Е.Г. Брусиловский, “Қыз Жібек”), Қарашаш (Е.Рахмадиев, “Алпамыс”), Гертруда (А.П. Исакова, “Гамлет”), Татьяна (П.И. Чайковский, “Татьяна Ларина”), т.б. партияларды орындады.

1993 жылдан Қазақтың мемлекеттік академия опера және балет театры труппасында биші әрі “Гүлдер” эстрада жастар ансамблі құрамында педагог-репетитор ретінде (шәкірттері Л.Әлпиева, Г.Тұтқыбаева, т.б.) қызмет етеді.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:24 мамырда туғандар Санат:1952 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан балет әртістері Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері Санат:Алматы хореография училищесі түлектері Санат:Қазақ мемлекеттік академиялық классикалық би ансамблі тұлғалары Санат:Гүлдер ансамблі тұлғалары Санат:Қазақ опера және балет театры тұлғалары