Қадыр Қарқабатұлы Бәйкенов (10 қазан 1944 жыл, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы – 31 тамыз 2022) — қазақстандық мемлекет қайраткері және саясаткер.
Өмірбаяны 1944 жылғы 10 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылында туған. Уақ тайпасынан шыққан.
1961 жылы Орал қаласындағы орта мектепті бітірген.
1966 жылы Мәскеу машина жасау институтын «машина жасау» мамандығы бойынша бітірген.
1983 жылы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы академиясына түсіп, оны халық шаруашылығын басқару жөніндегі жетекші маман мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы 1967-1985 жылдары — Алматы ауыр машина жасау зауытының инженер-конструкторы, цех бастығы, өндіріс бастығының орынбасары, бас инженердің орынбасары, партия комитетінің хатшысы, ауыр машина жасау зауыты директорының экономика жөніндегі орынбасары.
1985-1987 жылдары — Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің хатшысы.
1987-1989 жылдары — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары.
1989-1991 жылдары — Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы және Алматы қалалық кеңесінің төрағасы.
1991-1993 жылдар аралығында — Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.
1993-1994 жылдар аралығында — Энергетика және отын ресурстары министрі.
1994-1995 жылдары — Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің төрағасы.
1998-1999 жылдары — «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұлттық компаниясының президенті.
1999 жылдан — «Инвестконсультинг Компани» ЖШС президенті.
Қоғамдық қызметі 2001 жылдан — Қазақстан Республикасының жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) конфедерациясы басқармасының төрағасы.
2002 жылдан — Қазақстан Республикасы инжинирингтік компаниялар одағы кеңесінің төрағасы.
2005 жылдан — өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің халықаралық конгресінің басқарма мүшесі және вице-президенті.
2012 жылдың қазан айынан 2013 жылдың қазан айына дейін — өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің халықаралық конгресінің басқарма төрағасы.
Марапаттары мен атақтары Қазақстан Республикасының құрметті грамотасы (2001) «Ресей Федерациясының құрметті мұнайшысы» төсбелгісі (2003) Құрмет ордені (Қазақстан 2013)Вручение государственных наград труженикам нефтегазовой отрасли 2013 года Достық ордені (Ресей, 2016)УКАЗ В.В. ПУТИНА О НАГРАЖДЕНИИ ОРДЕНОМ ДРУЖБЫ РФ БАЙКЕНОВА К.К. Парасат ордені (ҚР Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы жарлығы).
Дереккөздер
Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан энергетика министрлері Санат:Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары Санат:Ресей ұлттық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясы түлектері