Ханзада Филипп Маунтбеттен, Эдинбург герцогі (; туғанда Грекия мен Дания ханзадасы Филипп, кейінірек Филипп Маунтбеттен; 10 маусым 1921 жыл, Керкира, Грекия – 9 сәуір 2021 жыл, Виндзор, Беркшир, Англия) — Грекия королі I Георгтың немересі, Британ монархы II Елизабеттің жұбайы және Ұлыбританияның қазіргі монархы III Чарльздің әкесі. Әлем тарихындағы ең ұзақ қызмет еткен ханзада-консорт.
Корольдік флот құрамында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Филипп үйленуіне дейін Ұлыбритания азаматтығын және анасының «Маунтбеттен» тегін алды. 1952 жылы Елизабеттің таққа отыруынан кейін ол салтанатты міндеттер мен қайырымдылыққа көбірек назар аударуды бастады.
Фотогалерея
Дереккөздер
Санат:Британ монархиясы Санат:Ұлыбритания ханзадалары Санат:Ұлыбритания тұлғалары