Адахан Кимсанбайұлы Мадумаров (; 9 наурыз 1965, Ленинское (қазіргі Куршаб) ауылы, Ош облысында туған) — қырғыз саясаткері және мемлекеттік қайраткері, 2010 жылдан бастап Біртұтас Қырғызстан оппозициялық партиясының басшысы. 2011, 2017 және 2022 жылғы президенттік сайлауларға қатысты.
Өмірбаяны Адахан Мадумаров 1965 жылы 9 наурыз күні Ленинское ауылы, Өзген ауданы, Ош облысы, Қырғыз КСР-нда (қазіргі Куршаб ауылы, Қырғызстан) дүниеге келді.Мадумаров Адахан Кимсанбаевич: страницы биографии (орысша) Мадумаров Адахан Кимсанбайұлы: өмірбаян беттері. autogear.ru.
Еңбек жолын 1982 жылы туған Өзген ауданындағы «Қайнар» совхозында бастаған.Мадумаров Адахан Кимсанбаевич — биография — 14.07.2017 (орысша) ru.sputnik.kg. 14.07.2017
1983–1985 жылдар аралығында КСРО Қарулы Күштері қатарында Германияда қызмет етті.Депутаттың баракчасы | Кыргыз Республикасынын Жогорку Кеңеши (қырғызша) Депутат парақшасы | Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңесі. kenesh.kg. Қызмет мерзімі біткен соң совхозға жұмысшы болып оралды.
1987-1992 жылдары РКФСР-де жоғары білім алып, Тверь мемлекеттік университетін бітірді. Екінші жоғары білімін 1999 жылы Қырғыз ұлттық университетінде алған.
1992 жылы Қырғызстанның баспасөз және ақпарат министрінің көмекшісі, «Түрк аалами» газетінің бас редакторы болды.
1992–1994 жылдары Қырғызстан мемлекеттік ұлттық телерадиокомпаниясының балалар мен жасөспірімдер телебағдарламалары редакциясында редактор, бас редактордың орынбасары, бас редактор қызметтерін атқарған. 1994–1995 жылдар аралығында сол телерадиокомпанияда телебағдарламалар бас дирекциясының саяси бақылаушысы қызметін атқарды.
Саяси мансабы 1995, 2000 және 2005 жылдары Жогорку Кеңештің бірінші, екінші және үшінші шақырылымдарының депутаты болып сайланды.
2005 жылдың сәуірінде Қырғызстан үкіметінде вице-премьер қызметін атқарды. 2006–2007 жылдары Қырғызстан Мемлекеттік хатшысы.
2008 жылғы қаңтардан 29 мамырға дейін IV шақырылымдағы Жоғарғы Кеңестің спикері болды.
2008 жылдың 5 қазанынан бастап. 2009 жылғы 26 қазанда Қырғызстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы.
2010 жылдан «Біртұтас Қырғызстан» саяси партиясының төрағасы.
2013 жылғы 30 тамыздан бастап 2015 жылға дейін Түркі Мемлекеттерінің Ұйымы Бас хатшысының орынбасары.
2021 жылы Қырғызстан парламенттік сайлауында ол партиялық тізімдегі кандидаттар арасында ең басым дауысқа ие болды.
Жеке өмірі Үйленген, үш баласы бар.
Марапаттары
«Алтын қалам» Құрмет белгісі және дипломы (2006); «Достық ағашы» алтын медалі (ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «ТМД ақпараттық кеңістігін қалыптастыруға қосқан ерекше үлесі үшін» марапаты); «Ерен еңбегі үшін» медалі (Ресей, 2007).
Дереккөздер
Санат:Қырғызстан саясаткерлері