Солтүстік Халмахер халықтары (өз атауы; галела, исам, кау, лода, макиан-луар, модолдар, саху, табару, тернаттар, тидорлар, тобело, тогутил т.б.) — Индонезияның шығысындағы халықтар тобы. Олар Халмахера аралының солтүстігінде және Моротай, Тернате, Тидор, Макиан аралдарын мекендейді. Саны – 237 мың адам.
Тілі Олар солтүстік Халмахер тілдерінде сөйлейді, индонезия тілін де пайдаланады.
Діні Дінге сенушілер: сүнниттік мұсылмандар, реформаторлық христиандар.
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (негізінен тамыр және түйнек дақылдары, банан), саго өндіру, 20 ғасырға дейін аңшылық және терушілікпен айналысты.
Өмір салты Солтүстік Халмахер халықтарының әлеуметтік құрылымдары әртүрлі: тернаттар мен макиан-луарлар арасындағы қазіргі типтегі дамыған таптық қоғамнан бастап, тогутилдер арасындағы қаңғыбас терушілердің жергілікті топтарына дейін. Солтүстік Халмахер халықтарының көпшілігінің әлеуметтік ұйымының негізін ауыл қауымдастығы құрайды.
Дереккөздер
Санат:Индонезия этникалық топтары