Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі — ғарыш, пошта және байланыс, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», деректерді басқару, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, геодезия және картография, инновациялық жүйе, дербес деректер және оларды қорғау, мемлекеттік қызметтер көрсету, байланыс инфрақұрылымын дамыту, жобалық басқару, жасанды интеллект салаларына басшылық еткен, Қазақстан үкіметіне бағынған орталық атқарушы орган."Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
2016 жылғы 6 қазанда Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ретінде құрылды. 2019 жылғы 25 ақпанда президент жарлығымен министрлік Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып өзгертіліп, 17 маусымда қазіргі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі атауын алды. 2025 жылғы 18 қыркүйекте министрлік таратылып, орнына Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды.
Тарихы 2016 жылғы 6 қазанда президент Назарбаевтың жарлығымен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. Жаңадан құрылған министрлікке Қорғаныс министрлігінен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы, Инвестициялар және даму министрлігінен ғарыш қызметі саласындағы, Ұлттық экономика министрлігінен жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы, Қазақстан премьер-министрінің кеңсесінен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілді. Келесі күні министрліктің тұңғыш министрі болып Бейбіт Атамқұлов тағайындалды.
2019 жылғы 25 ақпанда президент Назарбаевтың жарлығымен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып қайта құрылды. Оған Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен байланыс, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту берілді, ҚР АК министрлігі ыдыратылды.
2019 жылғы 17 маусымда президент Тоқаевтың жарлығымен Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің атауы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі болып өзгертілді және оның қорғаныс өнеркәсібі, бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу, әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Ұлттық экономика министрлігіне берілді және Министрлік Ауыл шаруашылығы министрлігінің геодезия және картография саласындағы және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің елдің инновациялық саясаты, ғылыми-техникалық дамуы саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін алды.
2025 жылғы 18 қыркүйекте президент жарлығымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің атауы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып өзгертілді. Министрліктің инновациялық қызмет саласындағы функциясы мен өкілеттігі Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілді.
Міндеттері Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту; ғарыштық технологиялар мен көрсетілетін қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау; Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық және шарттық-құқықтық базасын құру; "Байқоңыр" кешенін Ресей Федерациясының жалға алуы жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; пошта және байланыс саласындағы үйлестіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметті және байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін реттеу; ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру; деректерді басқару мемлекеттік саясатын іске асыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; Қазақстан Республикасының байланыс инфрақұрылымын қалыптастыруды, дамытуды және қамтамасыз етуді жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастық; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, байланыс және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру; геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; инновациялық жүйені жоспарлау, мониторингілеу, ынталандыру, дамыту; дербес деректер және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру; жобалық басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру; жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Комитеттері Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Аэроғарыш комитеті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Телекоммуникациялар комитеті Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті
Құрылымы Министрліктің құрылымы (2024 жылғы ақпарат бойынша):Департаменттер Цифрлық трансформациялау департаменті Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаменті Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті Инновацияларды дамыту департаменті Халықаралық ынтымақтастық департаменті Стратегиялық жоспарлау департаменті Қаржы және әкімшілік жұмысы департаменті Ішкі аудит департаменті Заң департаменті Корпоративтік басқару департаменті Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Адам ресурстарын басқару департаменті Жобалық басқару саясаты департаменті Бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен өзара іс-қимыл департаменті Цифрлық шешімдер департаменті Өңірлерді цифрлық дамыту департаменті
Қарамағындағы мекемелер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» ШЖҚ РМК «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» АҚ
Министрлер тізімі №СуретіАты-жөні Қызметі ПартиясыҮкімет басшысыҚорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (2016–2019)199pxБейбіт Атамқұлов7 қазан201626 желтоқсан2018белгісізСағынтаев299pxАсқар Жұмағалиев26 желтоқсан201825 ақпан2019белгісізСағынтаевМамин IЦифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (2019)199pxАсқар Жұмағалиев25 ақпан201918 маусым2019белгісізМамин IЦифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (2019–2025)199pxАсқар Жұмағалиев18 маусым201920 шілде2020белгісізМамин I 99px Бағдат Мусин20 шілде20202 қыркүйек2020 Аманат Мамин IМамин IIСмайылов IСмайылов IIБектенов I22 қыркүйек202030 сәуір2024399pxЖаслан Мәдиев6 мамыр202418 қыркүйек2025белгісізБектенов IЖасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (2025 бері)
Дереккөздер
Ц