Ащысу – Нұра өзенінің оң саласы.

Географиялық орны Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы жерімен ағады.

Бастауы Семізбұғы ауылының оңтүстік-шығысында 11 км жерде теңіз деңгейінен 700 м биіктіктегі бұлақтан басталып, Шешенқара ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км жерде Нұра өзеніне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 85 км, алабындағы өзен жүйесінің жалпы ұзындығы 405 км, алабының аумағы 2080 км2. Қарашада қатады, сәуірдің ортасында мұзы еріп, жыл сайын суы тасиды. Негізінен қар және жер асты суларымен толығады. Өзен бастауында суы тұщы, төменгі ағысында тұзды әрі ащы. Мөңке, оңғақ, шортан, алабұға, аққайран тіршілік етеді. Суы жерді суландыру үшін және ауыз суына пайдаланылады. Өзен бастауының алабы геоморфологиялық тұрғыдан солтүстік Семізбұғы және оңтүстік Айыр таулары беткейлерінің аралығындағы жазық болып табылады. Шығыстан батысқа қарай ағып жатқан өзен гидрологиялық жағынан қос беткейдің жыл бойғы ағын суын жинайды, өзен суын шағын бөгет арқылы бекіту нәтижесінде Ащысу бөгені қалыптасты. Бөген көктемгі өзеннің мол ағынын Бұқар жырау ауданы жерінде жинап, ылғалға тапшы жаз айларында шаруашылықтар жерін тұрақты суландырып отырады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Бұқар жырау ауданы өзендері Санат:Нұра су алабы