Сәлімжан Жұмашұлы Нақпаев (3 наурыз, 1966 жыл, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы) — Атырау қаласы әкімі (2006-2009).

Өмірбаяны 1991 жылы Алматы Халық шаруашылағы институтын оқып бітірген, мамандығы — экономист. 1983 ж. Атырау облысы Мақат ауданында линиялық жолаушылар басқарамасында компрессорлық технологиялар машинисті болып жұмыс бастаған. Кеңес Армиясында қызметін өтегесін бұрынғы лауазымында төрт жылдан астам істеген. 1989—1992 жж. Мақат аудандық атқару комитетінің экономика комитетінің маманы, аға экономисті болып қызмет еткен. 1992—2000 жж. — "Мақсат" шағын өнеркәсібінің төрағасы. Атырау облысы Мақат ауданы әкімнің орынбасары — экономика комитетінің төрағасы. 2000—2003 жж. Атырау облысы Мақат ауданының әкімі. 2003 ж. наурызынан — Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы. 2005 ж. қаңтарынан — Атырау облысы Жылыой ауданы әкімі. 2006 ж. ақпан айынан — Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2006 ж. қазаны - 2009 ж. желтоқсаны аралығында — Атырау қаласы әкімі. 2009 желтоқсаны - 2010 жылдың 17 маусымы - Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2010 жылғы маусымы - 2012 жылдың наурызы аралыығында - «Аджип ККО» компаниясының жергілікті органдармен байланыс жөніндегі менеджері. 2012 жылдың наурызы - қыркүйегі аралығында жазықсыз қудаланып, Жоғарғы Сотпен ақталды. Заместителем акима Атырауской области назначен Салимжан Накпаев 2013 жылғы 19 ақпаннан - Атырау облысы әкімінің орынбасары.

Марапаттары «Құрмет» ордені «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001).Накпаев Салимжан Жумашевич

Дереккөздер

Санат:1966 жылы туғандар Санат:Мақат ауданының әкімдері Санат:Жылыой ауданының әкімдері Санат:Атырау әкімдері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:3 наурызда туғандар Санат:Қызылқоға ауданында туғандар