Варта () — толығымен Польша аумағы арқылы ағып өтетін өзен. Өзеннің ұзындығы 808 км болса, оның 407 км кеме жүзуіне жарамды. Висла мен Одра өзендерінен кейін ұзындығы бойынша үшінші орында. Орталық Польшада жатқан Краков-Ченстохов қыратында бастау алып, солтүстік-батысқа қарай ағып, Польша мен Германия шекарасы маңындағы Одер өзеніне құяды. Варта өзенінің 35 кішігірім саласы бар. Оның ішінде ең үлкендері: Нотеч, Просна және Одра. Өзен бойында Познань, Ченстохов, Лубон, Коуо, Конин қалалары орналасқан.

Шаруашылық Ертеден бері Варта өзені ағашты сал ағызу, бидай тасымалдау және балық аулау үшін пайдаланылады. 1883 жылы «Hermann i Sp.» серіктестігі Варта өзенінде ең алғашқы пароходтармен тұрақты жүк тасымалын іске асырған. Бірақ 19-ғ. аяғында теміржол саласының дамуына байланысты Варта өзенін жүк тасымалы үшін қолдану азая бастаған. Қазіргі уақытта өзен бойында демалыс орындары салынып, туризм инфрақұрылымы дамуда, сондай-ақ ескек есу спорты кеңінен таралған.

Мәдениетте Варта өзені Польшаның әнұранында атап өтілген.

Дереккөздер

Санат:Еуропа өзендері Санат:Польша өзендері