thumb|right|250px|Дүниежүзілік І соғыстағы ту ұстаған одақтастар бейнесі, (1916 жылғы ашықхат)

Ұлт-құру (, кейде: Ұлт құру) — мемлекет күшін пайдалана отырып, ұлттық болмыс құру, немесе құрылымдау.Karl Wolfgang Deutsch, William J. Folt, eds, Nation Building in Comparative Contexts, New York, Atherton, 1966.Mylonas, Harris (2017),"Nation-building," Oxford Bibliographies in International Relations. Ed. Patrick James. New York: Oxford University Press. Ұлт-құру ұзақ мерзімді перспективадағы саяси тұрақтылық және өміршеңдік үшін мемлекет халқын мемлекет ішінде біріктіруді көздейді. Харрис Майлонастың пікірінше, "Қазіргі ұлттық мемлекеттердегі заңды авторитет халықтық билікке, көпшілікке байланысты. Ұлт-құру - осы көпшіліктің құрылу процесі"

Ұлт-құру ұлттық идентити қалыптастыру болып, бұл идентити мемлекетпен бәсекелесе алатын және мемлекеттің кең ауқымда ішкі-сыртқы істе сәйкесуіне кедергі болатын жергілікті идентитилерге (өзімшілдік, жершілдік, рушылдық, тб.) әсіресе адалдықтан асып түсуді көзедейді.

Nation-building involves the creation of a national identity that supersedes local identities and loyalties that might compete with and preclude broader identification with the state.

Ұлт-құрушы субъекті дегеніміз әскерге шақыру, ұлттық жалпыға бірдей оқыту секілді мемлекеттік бағдарламалар арқылы ұлттық қауымдастықты дамыту бастамасын көтеретін мемлекет мүшелері, немесе ұйымдары.Keith Darden and Harris Mylonas. 2016. "Threats to Territorial Integrity, National Mass Schooling, and Linguistic Commonality," Comparative Political Studies, Vol. 49, No. 11: 1446-1479.Keith Darden and Anna Grzymala-Busse. 2006. "The Great Divide: Literacy, Nationalism, and the Communist Collapse." World Politics, Volume 59 (October): 83-115.Barry Posen. 1993. "Nationalism, the Mass Army and Military Power," International Security, 18(2): 80-124. Ұлт-құру мемлекет үгіт-насихат құралдарын пайдаланып, базалық инфрақұрылымдарды дамытып, ынталандыру саясатын пайдаланып қоғамдық келісім мен экономикалық өсімді қамтамасыздандырады. Колумбия университетінің әлеуметтанушысы Андреас Уиммердің пікірінше, ұзақ мерзімдегі ұлт-құрудың табыстылығын үш фактор белгілейді: "азаматтық қоғам ұйымдарының ертерек дамуы, қоғамдық игіліктерді тұтас мемлекеттік аумақта біркелкі қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттің өркендеуі, және үшіншісі ортақ коммуникация дәнекерінің пайда болуы».

Шолу thumb|right|200px|"Германия болашағы". Жазудың мағынасы: «Ол бір қалпақ астына сыйя ма? Менің ойымша, ол найзамен дулыға астына кіргізіледі!». Австрияның «Кикерики» сатиралық газетіндегі карикатура, 1870 ж. "Бізді іштей мәңгі оқшаулайтын қорғанмен байқатпай шектейтін қабырғаларды бұзу - біздің міндетіміз." Осызаман әлемінде ұлт-құру деп жаңадан тәуелсіздік алған ұлттар өз ұлттық үкіметінің сенімді институттарын құруын айтамыз: оқыту, әскери қорғаныс, сайлау, жер кадастры, импорттық кеден, сыртқы сауда, сыртқы дипломатия, банк жүйесі, қаржы, салық, компанияны тіркеу, полиция, заң, сот, денсаулық сақтау, азаматтық, азаматтық құқықтар мен бостандықтар, неке тіркеуі, тууды тіркеу, иммиграция, көлік инфрақұрылымы және/немесе қала басқару жарғылары, тб. Ұлт-құру сондай-ақ Африка, немесе Балқан түбегіндегідей отаршыл державалар, немесе империялар құрған этникалық, діни немесе басқа шекараларға қарамастан, халықтар мен олардың территорияларын қайта анықтауды да қамтуы мүмкін. Бұл реформаланған мемлекеттер содан былайғы уақытта өміршең дамуға және үйлесімді ұлттық идентитиге ие болады.

Ұлт-құру сондай-ақ мемлекеттік ту, елтаңба, әнұран, ұлттық мереке, ұлттық стадион, ұлттық авиакомпания, ұлттық тіл және ұлттық мифтер сияқты ұлттық нышандар (national paraphernalia) қалыптастыруды да қамтиды.Smith, Anthony. 1986. "State-Making and Nation-Building" in John Hall (ed.), States in History. Oxford: Basil Blackwell, 228–263. Тереңірек қарағанда, ұлттық идентити әртүрлі этникалық топтарды азаматтық ұлтқа айналдыру арқылы мақсатты түрде жасалуы мүмкін, әсіресе көптеген жаңадан құрылған мемлекеттерде отаршылдардың бөлшектеп басқару саясаты этникалық жағынан әртекті (heterogeneous) тұрғындарды қалыптастырды.Harris Mylonas. 2010. "Assimilation and its Alternatives: Caveats in the Study of Nation-Building Policies", In Rethinking Violence: States and Non-State Actors in Conflict, eds. Adria Lawrence and Erica Chenoweth. BCSIA Studies in International Security, MIT Press.

Дереккөздер

Санат:Идентификация Санат:Национализм Санат:Патриоттық Санат:Ұлт