Қазақстан КП Орал облыстық комитеті — Қазақ АКСР (1932-1936) және Қазақ КСР (1936-1991) партиялық басқарудың аймақтық органы.

Батыс Қазақстан облысы 1932 жылы 10 наурызда Қазақ АКСР-нің алғашқы 6 облысының бірі болып құрылды. 1936 жылдың 5 желтоқсанынан бастап — Қазақ КСР құрамында болды. Орталығы — Орал қаласы.

1962 жылы 3 мамырда Орал облысы болып өзгертілді.

1962 жылдың 3 мамырынан 1964 жылдың 1 желтоқсанына дейін Ақтөбе және Гурьев облыстарымен бірге Қазақ КСР Батыс Қазақстан өлкесінің құрамында болды.

1992 жылдың 6 шілдеден бастап — Батыс Қазақстан облысы атанды.

Қазақстан КП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшылары (1932-1962 ж.) Сталиннің заманында (1925-1953 ж.) 5.06.1932-02.1934 Максим Аммосов 10.03.1934-1937 Ізмұқан Құрамысов 1937 Садық Сафарбеков 1937—1938 Шәріп Өтепов 1938 Хабир Пазиков 1938—1939 Исмағұл Елеубаев 1939—1944 Андрей Василевский 1944—1945 Харитон Кругликов 1945—1952 Мінайдар Салин 1952—1954 Мұсатай Шахшин Хрущевтың заманында (1953-1964 ж.) 1954—1956 Сәлімгерей Тоқтамысұлы 1956-01.1961 Сабыр Ниязбеков 1961-3.05.1962 Шапет Қоспанұлы

Қазақстан КП Орал облыстық комитетінің бірінші хатшылары (1962-1991) 3.05.1962-12.1962 Шапет Қоспанұлы 12.1962-12.1964 (ауылдық) Шапет Қоспанұлы Брежневтың заманында (1964-1982 ж.)12.1964-04.1975 Шапет Қоспанұлы 04.1975-13.06.1986 Мұстақым Ықсанов Горбачевтың заманында (1985-1991 ж.) 13.06.1986-7.09.1991 Нәжімеден Есқалиев

Тағы қараңыз Облыс әкімі

Әдебиет РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.

Санат:Батыс Қазақстан облысы Санат:Қазақстан КП аймақтық, облыстық және өлкелік комитеттері