Көктепе атырабы () — Түрікменстанның Ахал уәлаятындағы атырап. Әкімшілік орталығы – Көктепе қаласы.

Тарихы 1927 жылы қаңтарда орталығы Көктепе кентінде болған Түрікмен КСР-нің Көктепе ауданы құрылды. 1939 жылы қарашада Көктепе ауданы жаңадан құрылған Ашхабад облысына берілді.

1959 жылы мамырда Ашхабад облысы таратылып, аудан қайтадан Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды. 1973 жылы желтоқсанда Ашхабад облысы қайтадан құрылып, оның құрамына Көктепе ауданы кірді.

1988 жылы Ашхабад облысы қайтадан жойылып, аудан Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды. 1990 жылдары Көктепе ауданы Көктепе атырабы деп аталып, Ахал уәлаятының құрамына кірді.

Әйгілі тумалары Мұхаммед Атаев — Кеңес Одағының Батыры. Құрбанқұлы Мәлікқұлыұлы Бердімұхамедов — Түрікменстан президенті. Бақыт Сақытмұратұлы Оразсахедов — футболшы.

Сілтеме Дүниежүзілік тарихи жоба

Санат:Ахал уәлаяты атыраптары