Жазы () — Орта Азиядағы өзен. Қырғызстандағы Өзген ауданының аумағы арқылы ағып өтеді, Қарадарияның оң жақ ірі саласы болып келеді.
Өзеннің ұзындығы 122 км, су алабының ауданы 2620 км², орташа көпжылдық шығыны (Өзгенде) 33,5 м³/с, су шығыны көбіне мамырда болады 418 м³/с, қыста ең аз шығыны болады 6,4 м³/с. Су жиналатын орынның орташа биіктігі теңіз деңгейінен 2150 метрді құрайды.
Ферғана жотасының оңтүстік-батыс беткейінен басталып, Шілбелеу асуының батысында Шабай деген атпен жалпы батыс бағытта ағып жатыр. Орта ағысында өзен жағасында үйеңкі-жаңғақ орманы бар. Теңіз деңгейінен 889 метр биіктіктегі Кемпірабат суқоймасына құяды.
Өзен аймағының шегінде Жазы өзеніне көптеген, негізінен оң жақ салалары құяды. Оның ішінде ең ірілері Зергер, Доңызтау, Зындансу өзендері. Ұзындығы 50 шақырымнан асатын Зергер өзені Өзген қаласының маңында Жазы өзеніне құяды.
Өзен бойында Саламалық, Еркінтау, Қызылшарба, Қызылтау, Мырза Әке, Ильичевка, Өзген елді мекендері орналасқан.
Өзен жағасында шамамен б.з.б. 4-1 ғасырларда салынған Шоробашат қалашығы орналасқан.
Дереккөздер
Санат:Қырғызстан өзендері Санат:Қарадария су алабы