Гимирра — Эфиопияның оңтүстік-батысындағы кушит халықтарының тобы. Гимирралар тауда тұратын маджи этникалық қауымдастығына жақын. Саны 190 мың адам.

Тілі Олар семит-хамит тілдерінің кушит тобына жататын гимирра тілінде (бенчо-омотиан) сөйлейді. Диалектілері, олардың ең маңыздылары гимирра (бенчо), миеру, шако, кейде жеке тілдер ретінде анықталады.

Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі наным-сенімдер, бір бөлігі – христиандар.

Тарихы Орта ғасырларда олар XVII ғасырда Каффа патшалығының, ал XIX ғасырдың аяғында Эфиопия империясының құрамына кірген феодалдық княздіктер болды.

Кәсібі Көбшілігі дихан-шаруалар, ауылдық бірлестіктерде ұйымдасқан және қолмен атқарылатын егіншілікпен айналысады, тары, құмай, банан және басқа да дақылдарды өсіреді.

Дереккөздер

Санат:Эфиопия халықтары