Догон (догом, хабе, кадо, томбо) — Малидің оңтүстік-шығысында (Мопти аймағының оңтүстігінде), Кот-д’Ивуардың солтүстігінде және Буркина-Фасодағы халық. Жалпы саны 800 мың адам. (2007, бағалау).Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/1963121
Тілі Олар догон тілдерінде сөйлейді. Көптеген адамдар фула тілін меңгерген.Догоны https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/293810
Діні Бүгінде догондардың басым көпшілігі ислам дінін ұстанады. Әрбір ауылда дәстүрлі Батыс Судан стилінде жасалған өз мешіті және намаз бөлмелері бар.Догоны https://travelbelka.ru/gde-zhivut-prishelcy/ Бірқатар аймақтарда дәстүрлі нанымдар сақталған, шамамен 10% христиандар (католиктер мен протестанттар).
Кәсібі Негізгі кәсібі – қолмен қолмен атқарылатын егіншілік (сорго, бұршақ, жүгері, жержаңғақ, көкөністер, әсіресе басқа халықтармен айырбас нысанасы болып табылатын пияз, күріш). Ірі және ұсақ мал ұстайды. Ұсталық және қолданбалы өнер дамыған, ағаш мүсін (мифологиялық кейіпкерлердің, ата-бабалардың мүсіндері), металдан жасалған бұйымдар, жылан терісі, т.б. народы мира / Догон http://www.etnolog.ru/people.php?id=DOGO
Өмір салты Отбасы үлкен, оны ақсақалдар кеңесі (гинна) басқарады. Қауымдастықты догондардың мифтік арғы атасы Лебе культінің діни қызметкері басқаратын отбасы басшыларының кеңесі басқарады. Догондар көпқабатты ғалам туралы, жаратушы Амма, Номмо бабасы және т.б. туралы күрделі космогониялық идеялары бар бай мифологияны сақтайды. Салттық шерулер мен бетперде киген билер жерлеу кезінде, ауыл шаруашылығы жұмыстарының басталуымен және т.б. шараларда өткізіледі.
Елді мекендері жинақы орналасқан. Тұрғын үйлері бір-бірімен тығыз іргелес, көбінесе екі қабатты, тікбұрышты, қабырғалары қалың саман тастан, су ағыны үшін сәл көлбеу тегіс топырақ төбесі бар.
Бұрынғы кездегі дәстүрлі киім - жамбасқа байланған мата кесінділерін, қазір ерлер үшін ұзын жеңіл жейде, әйелдер үшін түсті белдемшелер мен күрте алмастырған.
Азық-түліктері - жарма, карите майы қосылған бұқтырылған тағамдар, ащы тұздықтар мен дәмдеуіштер басым.
Дереккөздер
Санат:Мали халықтары Санат:Буркина-Фасо халықтары