нобай|Pakri (2023) Пакри () — Эстониядағы түбек.
Сипаттама Пакри түбегі Харьюск уезінің Палдиски қаласында орналасқан. Түбектің ұзындығы 12 км, ені кей жерлерде 5 км-ден асады, ауданы 40 км² шамасында, ең биік жері теңіз деңгейінен 31 м. Түбектің ұшында биіктігі 25 м-ге дейін жететін Пакри жартасы орналасқан, оның солтүстік шыңынан Пакри сарқырамасы ағады. Жағалау толығымен әктастардан тұрады (ең биік тас жартастың биіктігі 13 метрге жетеді). Түбекте Палдиски портты қаласы орналасқан.
Пакри түбегінде сирек кездесетін құстардан басқа, қорғалатын өсімдіктердің 41 түрі белгіленіп, 138 құс түрі, қосмекенділердің 6 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 4 түрі және сүтқоректілердің 12 түрі есепке алынды. Түбектің кейбір бөліктері 1998 жылы бірегей геологиялық ерекшеліктері, құнды флора мен фауна қауымдастығы негізінде Пакри ландшафты қорығы ретінде қорғалды.Полуостров Пакри https://alphapedia.ru/w/Pakri_PeninsulaХарьюск https://www.gloss.ee/2022/09/01/na-kraeshke-zemli-14-krasiveyshih-poluostrovov-estonii-dlya-lyubovania-morskimi-peyzazhami/Плитняковый обрыв и вешние воды https://rmk.ee/orghanizatsiia/blog/plitniakovyi-obryv-i-vieshniie-vody
Тарихы Пакри түбегі туралы алғашқы жазбаша мәлімет 1377 жылдан басталады. Пакри түбегі орта ғасырларда Кейла мызасына тиесілі болды. 1718 жылы Петр I Пакри түбегі мен Вайке-Пакри аралы арасындағы бөгет пен онымен байланысты бекініс құрылысын бастады.
Бірінші Республика кезінде Пакри дербес болыс болды, онда 1934 жылы 119 шаруашылықта 345 адам тұрған. Аралдардың әрқайсысының өз мектебі, шіркеуі, зираты болды. Алайда, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде халықтың көпшілігі аралды тастап кетуге мәжбүр болды.
Түбекте 1965-1968 жылдары салынған екі кеңестік зымыран базасы және екі су асты порты болды. Соңғы кеңес әскерлері Эстониядан 1994 жылы шықты. 2000 жылдардың ортасында Швециядан келген оралман Вайке Пакриге оралып, ата-анасының бұрынғы шаруашылығын қалпына келтіре бастады.Острова Пакри: уникальная природа и неразорвавшиеся снаряды https://www.visitestonia.com/ru/%D0%BF%D0%BE%D1%87%D0%B5%D0%BC%D1%83-%D1%8D%D1%81%D1%82%D0%BE%D0%BD%D0%B8%D1%8F/%D0%B2%D0%BE%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F-%D0%B8%D1%81%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F-%D0%BE%D1%81%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%BE%D0%B2-%D0%BF%D0%B0%D0%BA%D1%80%D0%B8 Пакри https://fccland.ru/stati/36448-pakri-poluostrov.html
Галерея + Пакри түбегі орта|285px| орта|150px| орта|135px| орта|135px| орта|285px|
Дереккөздер
Санат:Эстония түбектері