Владислав Вячеславович Прокопенко (2000 жылы 1 шілдеде туған, Астана, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, "Жеңіс" клубының шабуылшысы.

Клубтық мансап "Астана" клубының футбол академиясының тәрбиеленушісі. 2017 жылдың 25 маусымында Қазақстан Премьер-лигасының "Оқжетпес" клубына қарсы матчында "Астана" сапында дебют жасады. Қазақстан Премьер-лигасы аясында алаңға шыққан "Астананың" ең жас ойыншысы болды. 2017 жылы "Астана" жанкүйерлері Владиславты клубтың үздік жас ойыншысы деп таныды.

2018 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Кубогының 1/8 финалында "Мақтааралға" қарсы "Астана" үшін алғашқы голын соқты.

Ұлттық құрамадағы мансап 19 жасқа дейін және 21 жасқа дейін Қазақстан құрамаларында ойнады.

Жетістіктері «Астана» Қазақстан чемпионы (2): 2017, 2018 Қазақстан Суперкубогының иегері: 2019

Дереккөздер

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Жеңіс ФК ойыншылары