Шалбай Құлмаханұлы Құлмаханов (20 қаңтар 1946, Құйған ауылы, Балқаш ауданы, Алматы облысы) — кеңестік және қазақстандық мемлекет қайраткері, Алматы қаласы мен Ақтөбе, Алматы облыстарының бұрынғы әкімі.
Өмірбаяны Ысты руынан шыққан. 1946 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Құйған ауылында фермердің көп балалы отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын 1963 жылы құрылыс ұйымдарының бірінде ағаш ұстасы болып бастаған. 1969 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Құрылыс факультетін, 1984 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Инженер-құрылысшы, экономика ғылымдарының кандидаты, «Еуразия» Халықаралық экономикалық академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. Институтты бітіргеннен кейін 1969-1979 жылдары Алматы қаласының трестерінде мастер, прораб, бас инженер, СМУ бастығы болып жұмыс істеді. 1979-1982 жылдары «Алмаатастрой» тресінің бас инженері, «Алмаатажилстрой» тресінің басқарушысы болып жұмыс істеді. 1982 жылдан 1985 жылға дейін Әуезов аудандық атқару комитетінің төрағасы болды. 1985 жылы — Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1985-1988 жылдары — Алатау аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1988-1989 жылдары — Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші хатшысы. 1989-1992 жылдары — Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы. 1992 жылғы ақпаннан 1993 жылғы қарашаға дейін — Ақтөбе облыстық әкімшілігінің басшысы. 1993 жылғы қазаннан 1994 жылғы маусымға дейін — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі. 1994 жылғы маусымнан 1997 жылғы маусымға дейін — Алматы қаласының әкімі. 1997-2001 жылдары Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, кейін Төтенше жағдайлар агенттігінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2001 жылдың мамырынан 2005 жылдың тамызына дейін — Алматы облысының әкімі. 2005 жылғы тамыздан 2007 жылғы қаңтарға дейін — ҚР Төтенше жағдайлар министрі.
Кәсіпкер, көптеген ірі компанияға иелік етеді.Кому принадлежит Interfood, City Plus и Thomi's Pastry?
Марапаттары III дәрежелі «Барыс» ордені (15.12.2002) Вручены государственные награды Парасат ордені (1996)Указ Президента Республики Казахстан от 9.12.1996 за № 3266 Медальдар Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алматы қаласының Құрметті азаматы
Фильм Новый день Семиречья, өмірбаяндық фильм, РИА ЛИД ЖШС шығарған, 2002 жыл
Дереккөздер
Санат:Қазақстан төтенше жағдайлар министрлері Санат:Ақтөбе облысының әкімдері Санат:Алматы облысының әкімдері Санат:Алматы әкімдері