Kyrgyz Express Post (қысқартып KEP) — Қырғызстанның пошта компаниясы, 2012 жылдың 16 наурызында құрылған және екінші тағайындалған пошта операторы мәртебесіне ие.

Жалпы ақпарат Kyrgyz Express Post Қырғызстанның пошта нарығында 2012 жылдың 16 наурызынан бастап жұмыс істейді. 9 айдан кейін, атап айтқанда 2012 жылдың 7 желтоқсанында KEP Қырғызстанның екінші тағайындалған пошта операторы мәртебесін алды. Бұл ресми мәртебе Дүниежүзілік пошта одағының Халықаралық Бюросының 2013 жылғы 21 мамырдағы №83 циркулярымен расталды, бұған Дүниежүзілік пошта одағының сайтының тиісті бөліміндегі ақпарат дәлел.

Екінші тағайындалған оператор мәртебесі KEP-ке пошта маркаларын шығаруға және оларды пошта жөнелтілімдерін франкирлеу үшін, сондай-ақ филателистердің мүдделерін қанағаттандыру үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Филателия нобай|«Қырғызстан фаунасы» шағын маркасы, аралас нобай|солға|«Пошта көлігі» шағын маркасы, аралас 2014 жылдың 18 қарашасында Kyrgyz Express Post өзінің алғашқы пошта маркалары мен блогын айналымға енгізді. Шығарылым ДПО-ның 140 жылдығына арналған. Маркалар Қырғызстанның пошта байланысының даму тарихын, атап айтқанда пошта жөнелтілімдерін тасымалдау құралдарын көрсетеді.

2014 жылғы 19 қарашада KEP "Қырғызстан фаунасы" пошта маркаларының сериясын айналымға енгізді. Маркалар Қырғыз Республикасының жануарлар әлеміне тән өкілдерін көрсетеді: ителгі, қодас, Орталық Азия тауешкісі және қар барысы.

KEP маркаларын тек Бішкектегі пошта операторының кеңсесінде ғана емес, сонымен қатар KEP сайтында сатып алуға болады.

Дереккөздер

Санат:Қырғызстан компаниялары