Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты — халықаралық сапарларды жеңілдету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. Әділет министрлігі 2009 жылғы 5 қаңтарда биометриялық төлқұжаттарды беруге кірісті.https://web.archive.org/web/20120220082158/http://www.minjust.kz/ru/node/7903

Сыртқы түрі Қазақстандық паспорттардың төменгі жағында "ПАСПОРТ" (қазақ тілінде) және "PASSPORT" (ағылшын тілінде) деген жазулары және мұқабаның алдыңғы жағының ортасында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бар көгілдір түсті мұқабасы болады. Төлқұжатта 36 бет бар,https://www.consilium.europa.eu/prado/en/KAZ-AO-02001/index.html оның ішінде 30 визалық бет, деректер/ақпарат беті және бақылау беті бар. Бірінші бетте келесі мазмұндағы екі тілдегі жазу бар: Паспорт Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады, ал оның иесi Қазақстан Республикасының қорғауында болады – Қазақша (Кирил қарпі)

Pasport Qazaqstan Respýblıkasynyń menshigi bolyp tabylady, al onyń ıesi Qazaqstan Respýblıkasynyń qorǵaýynda bolady''' – Қазақша (Латын қарпі)This passport is the property of the Republic of Kazakhstan and its owner is under protection of the Republic of Kazakhstan'' – Ағылшынша

Тарихы Қазақстан КСРО құрамында болған кезде кеңестік паспорттар берілді.

Идентификациялық ақпарат бар бет нобай|Қазақстан төлқұжатының ақпараттық беті Қазақстандық паспорт мынадай деректерді қамтиды: Төлқұжат берушінің суреті Түрі Код (KAZ) Төлқұжат нөмірі. 1 Тегі 2 деректер атаулары 3 ұлты 4 туған күні 5 туған жері 6 жынысы 8 шығарылған күні 9 жарамдылық мерзімі 10 рұқсат берген орган нобай|Үкіметтен ескерту (ескі биометриялық емес төлқұжат) Ақпараттық бет машинамен оқылатын аймақпен аяқталады.

Тілдер Деректер беті / ақпараттық бет қазақ және ағылшын тілдерінде басылған.

Жаңа биометриялық паспорттарда тек қазақ және ағылшын тілдерінде ақпарат болады.

Тағы қараңыз Қазақстан азаматтарына қойылатын визалық талаптар Қазақстан азаматының жеке куәлігі

Дереккөздер

Санат:Қазақстан құжаттары Санат:Елдер бойынша төлқұжаттар