Белокуров Василий Антонович (1923, қазіргі Шортанды ауданы Гуляйполе ауылы – 1945, Чехословакия, Моравска-Острава қаласы) — Даңқ орденінің толық иегері.

1942 — 45 ж. 2-дүниежүзлік соғысқа қатысқан. 1940 жылы Жолымбет кентіндегі ФЗО мектебіне түсіп, бітіргеннен кейін сол жерде бұрғылаушы болып жұмыс істеген. 1942 жылдың тамыз айында армия қатарына алынған. Старшина Белокуров 155-атқыштар дивизиясының 436-атқыштар полкінің 3-атқыштар батальонында комсорг болған. Соғыста қайсарлығымен, ерліктерімен көзге түскен. 1945 жылдың көктемінде Моравска-Острава қаласын азат ету кезінде ауыр жараланып, қаза тапқан. Сонда жерленген.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:1923 жылы туғандар Санат:Шортанды ауданында туғандар Санат:10 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:Польшада қайтыс болғандар Санат:КСРО старшиналары Санат:Даңқ орденінің иегерлері Санат:Польшада жерленгендер Санат:Даңқ орденінің толық иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар