Украина Жоғарғы Кеңесі (; кейде қазақша Жоғарғы Рада) — Украинаның бірпалаталы парламенті.Украина Конституциясы. 4-бөлім, 75-бап. Верховна Рада 450 депутаттан тұрады, оларды төрағасы (спикер) басқарады. 2019 жылдың 21 шілдесінде сайланған депутаттар 29 тамызында ұлықталды.

Жоғарғы Рада — елдегі жалғыз заң шығару органы. Оның құқығы және статусы Украина Конституциясында бекітілген. Парламент мүшелері Украина Халық депутаттары деп аталады және 5 жылға сайланады. Верховна Рададағы ең ірі партия — негізін Володимир Зеленський салған Халықтың қызметшісі партиясы.

Заң шығарумен қатар Верховна Рада Украинаның үкіметін, Министрлер Кабинетінің мүшелерін тағайындайды және олардың қызметі үшін жауап береді. Раданың 2021 жылдан бері төрағасы — Руслан Стефанчук.

Құқығы және міндеті Верховна Рада — Украинадағы жалғыз заң шығарушы орган. Парламент ішкі және сыртқы саясаттың принциптерін анықтайды, Украина Конституциясына түзетулер енгізеді, заңдарды қабылдайды, мемлекеттік бюджетті бекітеді, Украина президенті сайлауларын жариялайды, президентке импичмент жариялайды, соғыс және бейбітшілік жариялайды, Украина премьер-министрін тағайындайды, белгілі бір лауазымды тұлғаларды тағайындайды немесе бекітеді, Украина Конституциялық сотының үштен бірін тағайындайды, халықаралық шарттарды ратификациялайды және денонсациялайды, сондай-ақ кейбір бақылау функцияларын жүзеге асырады.Украина Конституциясы. 85-бап.

Парламент жылына 200-ге жуық заң жобасын қабылдайды. Парламентте күніне орта есеппен бес-алты заң жобасы тіркеледі.

2017 жылға дейін парламент судьяларды қызметке тағайындап, қызметінен босатып, судьяларды ұстауға немесе қамауға алуға рұқсат берген еді (бұл өкілеттіктер берілді).

Құрамы Верховна Рада — құрамында 450 депутаты бар бірпалаталы парламент, олар тең және тікелей жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Партиялар, фракциялар және депутат топтары

Парламенттің барлық мүшелері парламенттік фракциялар мен топтарға топтастырылған. Белгілі бір партиялық тізім бойынша сайланған парламент мүшелері сол партияның мүшесі болуы міндетті емес. 5 пайыздық сайлау шегінен жоғары дауыс жинаған партиялар фракциялар құрады. Ресми парламенттік фракцияларды құру Верховна Раданың ережелерімен реттеледі.

Парламенттік фракцияны тек 15 және одан да көп депутат құра алады, және де депутат бірден бірнеше фракцияның мүшесі бола алмайды. Төраға мен оның екі орынбасары фракция басшысы бола алмайды.

Халық депутаттарының анты Қызметін бастар алдында Верховна Раданың әр депутаты ант беруге міндетті:

Төрағасы

Жоғарғы Рада депутаттары өз қатарынан Төрағаны (спикер; ), Төрағаның бірінші орынбасарын және Төрағаның екінші орынбасарын сайлайды.

Төраға парламент жиналыстарына төрағалық етеді, заң жобаларына қол қояды және оларды Президентке қабылдасын деп жібереді, парламенттік актілерге (заң жобаларынан басқа) қол қояды және қабылдайды, аппарат жұмысын ұйымдастырады.Украина Конституциясы. 88-бап. Төрағаға парламенттің кезектен тыс сессияларын шақыруға,Украина Конституциясы. 83-бап. Верховна Раданың үштен екісі дауыс бергенде ветоның күшін жоюға, Президент вето қойған заң жобаларын қабылдауға және Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің отырыстарына қатысуға өкілетті.Украина Конституциясы. 107-бап.

Украина президенті лауазымы бос болған жағдайда Рада төрағасы шектеулі өкілеттігі бар мемлекет басшысының міндетін атқарушысы болады.Украина Конституциясы. 112-бап. Президенттің міндеттерін атқаруындағы Төраға парламентті тарата алады, негізгі лауазымдарға кандидаттарды тағайындай алады, әскери атақтар немесе мемлекеттік ордендер бере алады және кешірім жасауға құқылы.

Ғимараты Верховна Раданың штаб-пәтері сталинистік неоклассикалық стилі бар Верховна Рада ғимаратында (бұрынғы Украина Жоғарғы Кеңесінің үйі) орналасқан. Оның мекенжайы — Печерск ауданы, Михаил Грушевский көшесі, 5-үй, Киев.

Соңғы сайлауы

350pxПартияДауыс саны%±% Мандат саны Партиялық тізім БЖСМЖ Жалпы +/–Халықтың қызметшісі6,307,09743.16Жаңа124130254ЖаңаӨмір және бейбітшілік платформасы1,908,08713.05Жаңа37643ЖаңаБатькивщина1,196,2568.182.50242267Еуропалық ынтымақтастық1,184,5158.1013.7223225107Голос851,6695.84Жаңа17320ЖаңаОлег Ляшконың радикалды партиясы586,2944.013.4300022Күш пен абырой558,6743.823.740000Оппозициялық блок443,2003.03Жаңа066ЖаңаГройсманның Украиналық стратегиясы352,8952.41Жаңа000ЖаңаШарій партиясы327,2242.23Жаңа000ЖаңаСвобода315,5302.152.560116Азаматтық позиция153,2591.042.06 0000Украина Жасылдар партиясы96,6590.660.41000091,7000.6210.3501132Украина аграрлық партиясы75,5400.51— 000— Жаңа күштер қозғалысы67,7420.46Жаңа000ЖаңаХалық күші28,0020.190.080000Заң күші20,4970.14Жаңа000ЖаңаӘлеуметтік әділет16,5750.11Жаңа000ЖаңаПатріот16,1470.11Жаңа000ЖаңаТәуелсіздік7,9790.05Жаңа000ЖаңаТорч7,7490.05Жаңа000ЖаңаБасқалары 22Тәуелсіздер0464622Жалпы жарамды бюллетеньдер 100 225 199 4241Жарамсыз сайлау бюллетеньдері Бос (сайлау жүрмеген округтер)26261Жалпы 225 225 450Тіркелген сайлаушылар/Дауыс бергендер 35,550,428Дереккөзі: Орталық сайлау комиссиясы (Дауыс саны, бір мандатты сайлау округтері) және Українська правда (Мандат пен аймақтар)

Қосымша ақпарат

Дереккөздер

Санат:Елдер бойынша парламенттер Санат:Украина үкіметі Санат:Верховна Рада