Березовая, Қайыңды – Ақмола облысы Ақкөл ауданының солтүстігіндегі тау. Ақкөл қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 369 м, ұзындығыы 5 км, енді жері 1,5 км. Таудың батысында 4-5 км жерде Итемген көлі жатыр. Сәл тілімденген беткейлері көлбеу келген. Етегі қатты тілімденіп сайлы-жыралы болып келеді.

Геологиялық құрылымы Делювийлі-пролювийлі шөгінділермен жабылған. Жер қыртысы жоғарғы девонның интрузивті жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Карбонатты қара топырағында әр түрлі шөптесін аралас бетеге, қылқан, боз, қызыл қау өскен.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Ақкөл ауданы таулары