Майлықарашаадыр – Терісаққан өзенінің сол жағалаулық аңғарындағы шоқылар.
Географиялық орны Ақмола облысы Атбасар ауданының оңтүстігінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 319 м. Бірнеше жеке шоқылардан тұратын Майлықарашаадыр оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 18 км-ге созылып жатыр, енсіздеу беткейлері жатық келген. Енді жері 10–12 км шамасында. Шығыс шоқыларының беткейлерінде қорымтас үйінділері кездеседі. Жазық далаға ұласатын батыс беткейі сай-жыралармен тілімденген.
Өсімдігі Шоқылар аңғарында тобылғы, қараған аралас астық тұқымдас шөптесіндер өскен. Оңтүстік-шығыс етегінде бұлақтар көп. Алабы мал жайылымы, шығыс етегі шабындыққа пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Атбасар ауданы таулары Санат:Қазақстан шоқылары