Тверь облысы (, , ) — Ресей Федерациясының субъектісі, облыс. Әкімшілік орталығы — Тверь қаласы. 1935–1990 жылдары Калинин облысы деген атауы болған.

Тверь облысы Орталық федералды округінің құрамына кіреді, 2023 жылғы санақ бойынша халық саны 1,230,171 адамға тең.

Тарихы XVIII-ғасырда Тверь қаласы әкімшілік орталыққа айналды; алғашында Санкт-Петербург губернаторлығының (1708–1727), содан кейін Новгород губернаторлығының бір бөлігі болды. 1775 жылы Тверь наменгерлігі құрылды; 1796 жылы ол Тверь губернаторлығына айналды.

1929 жылы РКФСР үкіметі Тверь қаласын Мәскеу облысындағы Тверь ауданының әкімшілік орталығы қылды. 1931 жылы қала Калинин атауын алды.

1935 жылы 29 қаңтарда Батыс, Ленинград және Мәскеу облыстарының бөліктерінен Калинин облысы құрылды.

нобай|солға|Бологое-Мәскеу темір жолы, Тверь облысы, 2018

1990 жылы 17 шілдеде РКФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы Борис Ельцин жарлығымен Калинин облысының атауы Тверь облысы болып өзгертілді. Бұл бұйрығы РКФСР Халық депутаттары кеңесінің келісімімен 1992 жылдың 16 мамырында күшіне енді.

1996 жылы 13 маусымда Тверь облысы Ленинград облысы мен Санкт-Петербургпен бірге федералдық үкіметпен билік бөлісу туралы келісімге қол қойып, автономияға ие болды. Бұл келісім 2002 жылдың 19 ақпанында күшін жоғалтты.

Географиясы нобай|солға|Тверь облысы Максатихинский ауданының табиғаты, Тверь облысы Тверь облысы Шығыс Еуропа жазығы ортаңғы бөлігінің батысында орналасқан. Облыс шығыста Ярославль облысымен, солтүстік-шығыста Вологда облысымен, солтүстік-батыста және солтүстігінде Новгород облысымен, оңтүстік-шығыста Мәскеумен, оңтүстік-батыста Смоленск облысымен, батыста Псков облысымен шектеседі.

Тверь облысы — Селигер және Бросно сияқты көлдер аймағы. Қалған аумақтың көп бөлігін Еділ, Батыс Двина және Днепр бастау алатын Валдай қыраты алып жатыр.

Тверь облысының ауданы 84,201 км²-ге тең, бұл 85 субъект арасында 38-орында. Облыс Ресей аумағының 0.49% құрайды және Орталық федералды округінің ең үлкен аумағы болып табылады.

Климаты ылғалды континенттік, континенттік Ресейден ылғалды солтүстік-батыс аймақтарға ауысады. Аудан климаттық жағдайларда өмір сүру және демалыс үшін жайлылық аймағында орналасқан. Қаңтардың орташа температурасы батыста −8 °C пен солтүстік-шығыста −13 °C дейін, ал шілдеде +17 °C пен +19 °C аралығында болады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 560-тан 720 мм-ге дейін болады.

Әкімшілік бөлінісі 2013 жылы Тверь облысының құрамында 36 аудан, 23 қала, 28 кент болған.

Халқы Тверь облысы халқының саны: 1,230,171 (2023) 1,353,392 (2010) 1,471,459 (2002) 1,670,117 (1989)

Ұлттық құрамы 2020 жылғы санақ бойынша Тверь облысының ұлттары: №ҰлтХалық саны%1Орыстар1,022,39194.22Тәжіктер7,2370.73Армяндар6,2700.64Украиндар6,0230.65Әзербайжандар3,6970.36Татарлар3,0620.37Карелдер2,7640.38Қалғандары178,7273Жалпы халқы1,230,171100 Діни құрамы 2012 жылғы сауалнама бойынша Тверь облысы халқының 30% өзін Орыс православ шіркеуіне жатқызады, 9% конфессиядан тыс христиандар және 1% мұсылмандар. Оған қоса 34% рухқа сенеді, бірақ дінсіз деп жауап берсе, 20% атеист және қалған 5% өзге дінге сенеді, не жауап бере алмады.

Саясаты нобай|оңға|Тверь облысы әкімшілігінің ғимараты, 2008 Заң шығарушы билікті Тверь облысының заң шығарушы жиналысы, ал атқарушы билікті губернатор басқаратын Тверь облысының үкіметі жүзеге асырады.

Тверь облысының 2016 жылдың 23 қыркүйегінен бергі губернаторы — «Біртұтас Ресей» Тверь аймақтық бөлімінің хатшысы .

Дереккөздер

Санат:Ресей облыстары Санат:Тверь облысы