Такума Асано (; 10 қараша 1994, Комоно, Миэ, Жапония) — жапониялық футболшы, шабуылшы.

Карьерасы Клубтық 2013 жылы 18 жасында ол Джей-лиганың кәсіпқой клубы "Санфречче Хиросимаға" қосылды. Өзінің бірінші матчын 2013 жылдың 14 қыркүйегінде "Кавасаки Фронталеге" қарсы жоғары деңгейде өткізіп, 82-ші минутта Казухико Чибаны ауыстырды.

2015 жылы шабуылшы негізгі құрам ойыншысы атанды, маусымда 34 матч өткізіп, 9 гол соғып, командасына тағы бір лига чемпионы атағын алуға көмектесті. Сондай-ақ сол маусымда Асано Джей Лигада Жылдың жаңа есімі атанды.

2016 жылы 3 шілдеде "Арсеналға" ауысты.

Сол жылдың тамыз айында "Штутгартқа" жалға берілді.

2019 жылы "Арсенал" сапында Англия чемпионатында бір ойын да өткізбестен, "Партизанға" ауысты.

2021 жылы "Бохум" клубына өтті. Халықаралық 2016 жылы Жазғы Олимпиадаға, 2022 жылы әлем чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Жапония чемпионы : 2013, 2015 ж Жапония суперкубогының иегері: 2014, 2016 ж Жапония кубогының финалист: 2013 ж J. Лига кубогының финалисі: 2014 ж Жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы: 2016 ж

Дереккөздер

Санат:Жапония футболшылары Санат:Санфречче Хиросима ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Штутгарт ФК ойыншылары Санат:Ганновер 96 ФК ойыншылары Санат:Партизан Белград ФК ойыншылары Санат:Бохум ФК ойыншылары Санат:Жапония Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары