Жан-Шарль Кастеллетто (; 26 қаңтар 1995) — камерундық футболшы, "Нант" клубының және Камерун ұлттық құрамасының қорғаушысы.

Карьерасы Францияның бірнеше жастағы құрамасында ойнаған, бірақ негізгі құрамада ойнамады. 2017 жылы Камерун құрамасында ойнауға шешім қабылдады. 2017 жылдың мамыр айында жаттықтырушы Уго Броос Конфедерациялар кубогына баратын құраманың кеңейтілген тізіміне енгізді, бірақ қорытынды тізіміне енбеді.

Кастеллетто 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчтарына қатысу үшін ұлттық құрамаға қайтадан шақырылды. 2017 жылы 11 қарашада Замбия құрамасына қарсы тұңғыш рет алаңға шықты.

2021 жылы Африка Ұлттары кубогына, 2022 жылы әлем чемпионатына қатысты. 2022 жылғы әлем чемпионатының екінші ойынында Сербия қақпасына бір гол соқты, бұл ойын 3:3 есебімен тең аяқталды.

Жетістіктері

Клубтық Франция кубогының иегері: 2021/22

Дереккөздер

Санат:Франция футболшылары Санат:Камерун футболшылары Санат:Камерун Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Осер ФК ойыншылары Санат:Брюгге ФК ойыншылары Санат:Мускрон-Перювельз ФК ойыншылары Санат:Ред Стар ФК ойыншылары Санат:Брест ФК ойыншылары Санат:Нант ФК ойыншылары