Босенко Максим Степанович (1902-1976)“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том. — механизатор, Социалистік Еңбек Ері (1948). 1902 жылы Целиноград облысы (қазіргі Ақмола облысы), Атбасар ауданы, Сергеевка ауылында туған.
Еңбек жолы 1935 — 1963 жылдары Қосбармақ МТС-нда бригадир, содан кейін К.Маркс атындағы совхозда жұмыс істеген. Босенко басқарған бригада жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізген: 1947 жылы егістіктің әр гектарынан 24,9 ц. өнім алған.
Жетістігі 28 жыл тракторшылар бригадасын басқарды. Тракторшы және комбайншы ізбасарлар дайындады. 2 — 5-шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Наградалары «1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалі "Ерен еңбегі үшін" медалі "Тың жерлерді игергені үшін" медалі Социалистік Еңбек Ері (1948) 2 рет Ленин ордені
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ақмола облысында туғандар Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары