Бутан — Қазақстан қатынастары — Бутан Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар

Дипломатия Бутан Корольдігі мен Қазақстан Республикасы өз елдері мен халықтары арасындағы өзара тиімді қатынастарды нығайтуға және дамытуға ниет білдіріп, 2012 жылғы 20 қарашадан бастап күшіне енетін дипломатиялық қатынастар орнатты.

Дипломатиялық қатынастар орнату туралы Бірлескен коммюникеге мәртебелі Лхату Ванчук мырза, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Бутанның елшісі және тұрақты өкілі және Мәртебелі Бірғаным Әйтімова ханым, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Елшісі және тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Нью-Йоркке Тұрақты өкілдігі арасында қол қойылды.

Қазақстан - Бутан дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 47-ші ел.

Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі сондай-ақ Қазақстанның Бутан Королдігігіндегі өкілдігі болып табылады.

Виза Қазақстан азаматтарына дипломатиялық, қызметтік, жалпыұлттық төлқұжаттарымен Бутан корольдігіне кіру үшін виза қажет.

Бутан азаматтарына дипломатиялық, қызметтік, жалпыұлттық төлқұжаттарымен Қазақстан Рсепубликасына кіру үшін виза қажет.

Сипаттама СалыстыруАуданы (км2)38,39 мың2,72 миллионХалық саны (адам)807,61 мың17,95 миллионХалық тығыздығы (адам/км2)21.046.6АстанаТхимпхуАстанаРесми тілДзонг-кэҚазақ, орысВалютаНгултрум БутанҚазақстандық теңгеЖІӨ (миллиард доллар)2,51 миллиард 159,41 миллиард ЖІӨ (сатып алу қабілетінің паритеті бойынша) миллиард доллар6,49 миллиард 439,39 миллиардЖан басына шаққандағы номиналды ЖІӨ АҚШ долларымен2,66 мың10,51 мыңЖан басына шаққандағы ЖІӨ АҚШ долларымен7,82 мың24,23 мыңАдам дамуының индексі0,605 0,788 Халықаралық телефон коды +975 +7 Интернет домені.bt.kz , .kaz Уақыт белдеуіUTC+06:00UTC+05:00 , UTC+06:00

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның халықаралық қатынастары Санат:Бутанның халықаралық қатынастары