Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрілігі () — Ресейдің сыртқы саясаты мен сыртқы қатынастарына жетекшілік ететін орталық мемлекеттік мекеме, үкіметке бағынатын министрлік. Қазіргі министрі — Сергей Лавров.
Міндеттері Сыртқы істер министрлігі — Ресей Федерациясының халықаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты және нормативтік-құқықтық реттеуді орындауға және іске асыруға жауапты федералдық атқарушы орган. Министрліктің негізгі қызметі – жалпы сыртқы саяси стратегияны әзірлеу, Президентке тиісті ұсыныстар енгізу және сыртқы саяси бағытты жүзеге асыру.
СІМ жүйесіне орталық аппарат, шетелдік мекемелер, аумақтық басқармалар және министрлікке бағынатын ұйымдар кіреді. Министрліктің басты әкімшілік басшысы — Ресейдің Сыртқы істер министрі.
Құрылымы нобай|солға|Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің басты ғимараты, Мәскеу Ресей СІМ Орталық кеңсесі түрлі департаменттерге бөлінген және әр департамент бөлімшеден тұрады. Департаменттерді директорлар және бөлімшелерді басшылар басқарады. 2007 жылы күшке енген 1163-Президенттік бұйрыққа сүйінсек, министрліктің 39 департаменті бар. Бөлімшелер аумақтық және функционалдық болып бөлінеді. Әр бөлімшеде 30–60 дипломат жұмыс істейді.
Министрлер тізімі Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің 1991 жылы құрылғанынан бері 4 түрлі министрі болған. Оның төртінші және 2004 жылдан бергі қазіргі министрі — Сергей Лавров. # СуретіАты-жөні Қызметі ПартиясыҮкімет басшысыПрезиденті1131x131 нүктеАндрей Владимирович Козырев27 желтоқсан19915 қаңтар1996ПартиясызБорис ЕльцинЧерномырдин299pxЕвгений Максимович Примаков9 қаңтар199611 қыркүйек1998ПартиясызЧерномырдинКириенко399pxИгорь Сергеевич Иванов30 қыркүйек199824 ақпан2004ПартиясызПримаковСтепашинПутинКасьяновВладимир Путин499pxСергей Викторович Лавров24 ақпан2004—Біртұтас РесейФрадковЗубковПутинДмитрий МедведевМедведевВладимир ПутинМишустин
Дереккөздер
Санат:Сыртқы істер министрліктері Санат:Ресей сыртқы істер министрлігі