Нұрсұлтан Шыңғысбекұлы Тұрсынов (30 қаңтар 1991, Семей) — грек-рим стиліндегі қазақстандық балуан, Азия чемпионы, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қатысушысы.
Спорттық мансабы 2015 жылдың мамыр айында Азия чемпионатында екінші болып, финалда Өзбекстан өкілі Рустам Ассакаловқа ұтылды. 2021 жылдың сәуір айында Қазақстандағы Азиялық лицензиялық турнирге Үндістан атынан шыққан Сунил Кумарды жеңіп, Токиодағы Олимпиадаға жолдама алды.
Жетістіктері Әлем чемпионатынан 10-шы орын (Мажарстан, 2013) Азия чемпионы (Қазақстан, 2014) Азия ойындарынан 5-ші орын (Корея Республикасы, 2014) Әлем чемпионатынан 5-ші орын (АҚШ, 2015) Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Доһа, 2015)
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша балуандар Санат:Қазақстан балуандары