Азотты негіздер — пиримидин мен пурин негізіндегі гетероциклді қосылыстар, нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді. Оларға аденин (A), гуанин (G), цитозин (C), тимин (T) және урацил (U) жатады. Алдыңғы үшеуі ДНҚ құрамында да, РНҚ құрамында да бар, тимин мен урацил бір-біріне химиялық құрылысы жағынан ұқсас, бірақ тимин тек ДНҚ-да, ал урацил тек РНҚ-да кездеседі.
Азотты негіздерге рибоза немесе дезоксирибоза атомы қосылғанда нуклеозидтер түзіледі. Ал нуклеозидтерге фосфатты топ қосылса, нуклеотидтер пайда болады. Бұлар ДНҚ мен РНҚ молекулаларын құрайды. Олардың құрамында бола тұра азотты негіздер әртүрлі реакцияларға түсе алады.
Азоттынегіздер 58px|Аденин 86px|Гуанин 63px|Тимин 51px|Цитозин 51px|Урацил Нуклеозид 95px|АденозинA 123px|ГуанозинG 87px|ТимидинT 87px|ЦитидинC 87px|УридинU
Ғалымдар табиғатта кездесетін азотты негіздерден басқа бірнеше жасанды азотты негіздерді де синтездей алады.
Тағы қараңыз Пурин негіздері Пиримидин негіздері Дереккөздер
Санат:Азотты негіздер