нобай|Рибосоманың бір бөлігі: ақуыз — көк түсті, рРНҚ — қоңыр түсті Рибосомалық РНҚ (рРНҚ) — рибосоманың негізін құрайтын макромолекула түрі.

Жасушадағы барлық РНҚ арасында рРНҚ ең салмақтысы болып келеді. Ол рибосоманың жалпы массасындағы 65%-ға жуығын алады, қалғаны — рибосомалық ақуыз.

Жасуша ядросындағы ДНҚ-дан генетикалық ақпарат аРНҚ-ға жазылған соң, аРНҚ цитоплазмаға шығарылып, рибосомамен байланысқа түседі. Сөйтіп генетикалық ақпарат рРНҚ-ға беріледі де, рибосомалар ақпаратқа сәйкес ақуыздарды синтездеуге кіріседі. Бұл трансляция арқылы жүзеге асады.

рРНҚ туралы мәлімет медицинада, кейбір антибиотиктерді жасауда қолданылады. Ондай дәрілер белгілі бір бактерияның рРНҚ-сының жұмысын тежеу арқылы аурудың таралуына кедергі орнатады.

Сондай-ақ молекулалық филогенетикада рРНҚ талдауы әртүрлі таксондардың туыстық деңгейін анықтауға көмектеседі.

Дереккөздер

Санат:РНҚ Санат:Ақуыз биосинтезі